Оманның Бас мүфтиі Ахмед әл-Халили ел мұсылмандарын Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның жұбайы Аишаға (р.а.) тіл тигізген Үндістанның “Бхаратия Джаната” басқарушы партиясының өкілі Нипур Шармаға жауап беруге шақырды.
Ал бұған дейін Катар мен Кувейттің Сыртқы істер министрліктері осы елдердегі үнді елшілері Дипак Миттал мен Сиби Джорджды аталған жағдайға байланысты наразылық білдіру үшін шақырып алған болатын.
“Үнді телешоуында Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізген жағдайдан кейін СІМ-нің Оңтүстік Азия бойынша бас директоры Теһрандағы үнді елшісін Иран Ислам Республикасының батыл наразылығын білдіру үшін шақырылды”, – деп мәлімдеді Иран тарапы.