Бейсенбі, 30 Маусым, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Сирияда қазақтар шөптің тамырын жеп күнелткен

17.06.2022
- Сұхбат, Таңдаулы
4
239
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Қазіргі күні Сирия тақырыбы жабылды» дейді мамандар. Яғни «жиһад» деп сабылғандардың көші тоқтаған. Дегенмен, бейбіт күнде әйелді жесір, баланы жетім қылған зобалаңның зардабы әлі де бар. Дін саласының мамандары Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жусан» операциясы арқылы елге оралған жандарды қоғамға қайта бейімдеу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.   

Солардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласындағы Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы, Ислам құқық ғылымдарының PhD докторы Исатай Бердалиевпен сұхбат барысында біз көпке сабақ болған Сирия тақырыбын тағы бір көтердік.

– Исеке, сіздер Сириядан оралған жандармен жиі тілдесіп, оңалту жұмыстарын жүргізесіздер. Олар туған жердің, тыныштық пен тоқшылықтың қадірі жайында не айтады?

– Иә, зерттеу, сараптау шараларымен күнделікті айналысатын болғандықтан, түрлі ахуалмен бетпе-бет келіп жатамыз. Сол жұмыстар барысында таңдай қақтыратын, ішті ашытатын, көзге жас үйіретін түрлі жағдайларды көрдік.

Тағдыр тәлкегіне түсіп, алданып, Сирия асып кеткен көптеген қандастарымыздың дені бүгінде дәстүрлі дінімізге оралып, тура жолды тапты. Кейбірімен әлі күнге жұмыс істеп жатырмыз. Айтайын дегенім, сол азаматтар жат топырақта немесе темір тордың арғы жағында талай қиындық пен теперішке тап келген.

Сирия жерінде 6 жыл болып келген Г. есімді қарындасымыз аштықтан шөптің тамырын жегендерін айтады. Екі-үш ай бойы жерге тамақ, ішірге су таппай қиналған кездері болған. Тіпті, жуынуға су жоқ, шаштары ұйысып, қатып қалған. Сол қарындасымыз «Елге келген соң, бейбітшіліктің, тыныштықтың қадірін білдім» дейді. Жан-жүрегімен сезінгенін айтады. Тәңір басымызға салмасын, соғыс кімге опа әперген?! Жалпы, қандай да кикілжіңді Алла да сүймейді.

Сол Сирияға баруға таныстарын үгіттеген, тура жол, ақиқат дін Сирияда деп адасқан С. есімді азамат бар. 9 жыл түрменің дәмін татты. Ал темір тордың арғы жағы қандай болатынын әрбіріміздің ішіміз сезеді. Бас бостандығыңды шектеу деген қасірет емес пе? Ол да жат жерде сусыз, тамақсыз әбден ашыққанын айтады. Өкінеді! Басқа не істейді?! Алтын уақытының текке кеткеніне қамығады.

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

30.06.2022

Ханафи мәзhабы – сүннет жолы

30.06.2022

– Қазіргі таңда Сирияға кету қаупі әлі бар ма?

– Бүгінде Сирия тақырыбы жабылды десе де болғандай. Адасып, алысқа аттанғандар толықтай туған топырақтарына оралды. Олармен біздің мамандарымыз, ғалымдарымыз үздіксіз жұмыс жүргізді. Бірнешеуі болмаса, барлығын дерлік дәстүрлі дінімізге қайтардық. Қалғандарымен де әлі жұмыс істей береміз. Арамызда білікті, сауатты, шетелдік үлкен білім ордаларында оқып келген дін мамандары, теологтар бар. Олар нәтиже шығаратынына сенімдімін.

Біздің Діндерді зерттеу орталығымыздың жұмысы ауыр, миссиясы зор. Санасы адасқан адаммен жұмыс істеу қиынның қиыны. Сол жолда орталығымыз алға қойған мақсаттарына жетіп келеді.

– Рахмет!

Сұхбаттасқан Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Тегтер: басты тақырыпдеструктивті діни ағымжусанИсатай БердалиевСирия
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Думан Сайфулла: «Діни ақпарат сенімді көздерден алынуы қажет»
Видео

Думан Сайфулла: «Діни ақпарат сенімді көздерден алынуы қажет»

29.06.2022
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28.06.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған үйінің ізі де қалмаған

Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған үйінің ізі де қалмаған

Пікір 4

  1. Елдос жазған:
    2 апта бұрын

    осыдан 4-5 жылдан алдын кәдімгідей шу болған еді 500 ден астап қазақстандық сирияға кетті деп. Олардың ол жаққа басты мақсаты кетулеріндегі ол дін үшін соғыс жихад жасау. Қаншама қандастарымыз соның аркасында алданып отбасылары жапа шекті. осыдан 1-2 жыл алдын ел баскарушымыздың әрекетімен жусан операциясы арқылы қаншама адам соның ішінде 90 пайызы жасөспірімдер елге кайтарылды. Оның өзі шүкір. Ол жас балаларда не кінә. Ата анасының кінәсіне бала жауап бермеулері керек.

    Жауап беру
  2. Сауле жазған:
    2 апта бұрын

    Сириядан келген жерлестерімізді біз өмір сүріп отырған ортаға қайта бейімдеу шынында оңай шаруа емес және аз уақытты қажет етпейтіні сөзсіз. Атқарылып жатқан жұмыстар үшін тек алғыс айту керек сияқты

    Жауап беру
  3. Еділ жазған:
    2 апта бұрын

    Алысқа кеткендердің толық оралды дегені көңілді қуантады. Енді мұндай зобалаңды көздері көрмесін. Ол жаққа алданып кеткендердің өмірлері оңай болмады. Енді дұрыстап оңалту жасалынып арамызға еретерек қосылса игі болар еді. Бейбітшілік аспанына ешнәрсе жетпейді.

    Жауап беру
  4. Айгуль жазған:
    2 апта бұрын

    Қазіргі кезде баска елге барып дін үшін соғыс деп үгіттеп жаткан жалған псевдо шейхтар бар, но шамалы азайды. Солардың арбауына кетпеуіміз керек. діни сауатты болуымыз керек. Елін тастап кетуге үгіттегендер өз жазаларын тартар. Қара көздердің жасын арқалағандардың емес, жақсылықты арттырушылардың, мейірімділердің қатарынан болайық.

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Зул-хиджа айының артықшылығы

    94 рет бөліскен
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2389 рет бөліскен
    Бөлісу 956 Твитерге 597
  • Шек беру шариғатта бар ма?

    160 рет бөліскен
    Бөлісу 64 Твитерге 40
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1445 рет бөліскен
    Бөлісу 578 Твитерге 361

Соңғы жарияланымдар

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

30.06.2022
0
Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

Толығырақ оқу

Ханафи мәзhабы – сүннет жолы

30.06.2022
0

Толығырақ оқу

Жастардың домбыраға деген қызығушылығы артып барады

30.06.2022
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00