Сейсенбі, 21 Наурыз, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Иса пайғамбардың «мазары» бар ма?

26.09.2019
- Қоғам
0
2.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Негізінен мұсылмандар Иса пайғамбардың (а.с.) өлмегеніне және оның жан-тәнімен көкке көтерілгеніне сенеді. Мұсылмандардың сенімі бойынша көкке көтерілген Иса пайғамбар күндердің күнінде Алла тағаланың қалауымен жерге түсіп, бұзғыншы Дәжжәлге қарсы тұрып, адамзатты тура жолға салады деп біледі.

Бұл туралы Құран Кәрімде былай баяндалады:

«Һәм олардың Алланың елшісі Мәриямұлы Иса Мәсіх жайлы «Біз оны өлтірдік» деп мақтанғандықтан (Алла оларға қаһарын төгіп, жүректерін иман кірмейтіндей етіп «мөрлеп тастады»).

Алайда олар оны өлтіре де алмады, айқышқа керіп аса да алмады. Бірақ олардың көзіне солай көрінді (негізінен, өлтірілген басқа біреу еді). Расында, Иса жайлы таласып-тартысқандардың да бұл мәселеде күмәндары жоқ емес. Олардың бұл мәселеде нақты білімі жоқ, тек ой-жорамалға сүйенеді. Анығында, олар оны өлтіре алмады. Алайда Алла оны Өз дәргейіне көтеріп әкетті.

Шүбәсіз, Алла – Азиз (бәрінен үстем һәм ұлы), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі). Кітап иелерінің қайсыбірі болмасын өлместен бұрын оған (тиісінше) иман келтіреді. (Алайда бұл иманның оларға пайдасы болмайды, өйткені) Иса қиямет күні оларға қарсы куәлікке жүреді» (Ниса сүресі, 157 – 159 аяттар).

Дегенмен де, христиан дінін ұстанушылар Иса пайғамбардың мазары бар деп есептейді. Атап айтқанда, олардың сенімі бойынша Иерусалимдегі «Қасиетті Қабір Шіркеуі» – Иса пайғамбардың қабірі орналасқан жер. Христиандық наным бойынша, Иса пайғамбар айқышқа шегеленіп өлтірілгеннен кейін, осы жерге жерленген болып саналады.

«Қасиетті Қабір Шіркеуінде» Иса пайғамбар жерленген деп саналатын жердің үстіндегі мәрмәр құрылыс 2016 жылдың қазан айында ашылды.

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
Наурыз мерекесі Иранда қалай тойланады?

Наурыз мерекесі Иранда қалай тойланады?

20.03.2023

Хз. Исаның қабірі ретінде қабылданған ғимарат ғасырлар бойы өрт, жер сілкінісі және соғыстардың салдарынан үнемі зардап көріп, қирауға жақындап қалған болатын.

Хз. Исаның қабірін қалпына келтіру туралы ұсыныс алғаш 1959 жылы көтерілді.

Алайда, «Қасиетті Қабір Шіркеуіне» және Иса пайғамбардың қабіріне жасалатын шамалы ғана өзгерістің өзіне христиандықтың барлық конфессияларының өкілдерінің мақұлдауы қажет етіледі. Бұл ереже Осман империясының сұлтандарының бірі III Осман тарапынан 1757 жылы енгізілген.

Сұлтан III Османның «Қасиетті Қабір Шіркеуіне» қатысты бұйрығы бүгінге дейін күшінде қалып отыр.

2016 жылы Иса пайғамбардың қабірі деп саналатын құрылыстың ашылуына католик шіркеуінің францискандық дін қызметкерлері және грек православие мен армян апостолдық шіркеуінің өкілдерінің қатысуымен Исаның қабірі деп саналған мәрмәр саркофаг (табыт) ашылды.

Дегенмен, әртүрлі қиыршық бөлшектермен толтырылған саркофагтан адамға ұқсайтын заттар немесе қаңқалар шыққан жоқ.

Бірақ саркофагтың қақпағында 12 ғасырда крест жорықшылары тарапынан салынған деп саналатын сұр түсті мәрмәрдән жасалған крест (айқыш) бейнесі табылды.

Осының негізінде «Қасиетті Қабір Шіркеуінің» Хз. Исаның қабірі екендігі туралы нақты дәлел табылмағанын айта аламыз.

Сұлтан III Османның шығарған бұйрығына сәйкес «Қасиетті Қабір Шіркеуінің» бір майшамын ауыстыру христиандықтың барлық конфессияларының басшылығының мақұлдауын талап ететіндіктен, шіркеуге қатысты кез-келген жұмыстарды жүргізуге келісім алу ұзақ процедуралардан өтеді.

Соның салдары болса керек, христиан дінінің басшылары «Қасиетті Қабір Шіркеуінің» негізгі кіреберісінде 240 жыл бойы қолданылмаған, 1728 жылдары шамасында Ливандағы балқарағай ағашынан жасалған баспалдаққа не істеуге болатыны туралы әлі де ортақ шешімге келе алмай отыр.

Иса пайғамбардың мазарына қатысты осы ақпаратты назарға ұсына отырып, тақырыпқа қатысты әлі де көптеген пікірлер болады деп үміттенемін.

 

Балғабек Мырзаев

Тегтер: Балғабек МырзаевИерусалимИса пайғамбар
Бөлісу52Твитерге32Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Діни контентті жариялауда сақтық керек

12.07.2022
Ғибратты әңгімелер

Алланың шынайы достары

03.06.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құдайға ғашық болған жігіт

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • 2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    264 рет бөліскен
    Бөлісу 105 Твитерге 66
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    5327 рет бөліскен
    Бөлісу 2131 Твитерге 1332

Соңғы жарияланымдар

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
0
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Толығырақ оқу

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
0
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Толығырақ оқу

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
0
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00