Сейсенбі, 21 Наурыз, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ипотекаға үй алу күнә емес пе?

21.07.2019
- Сұрақ-жауап
2
2.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ипотекаға үй алу күнә емес пе?

Ж ауап: Islam.kz порталының сарапшысы Абдусамат Қасым осы тақырып бойынша зерттеу жүргізіп, толыққанды ақпаратты осыдан бірнеше жыл бұрын жариялаған болатын. Менің де көзқарасым осы ұстаныммен сәйкес болғандықтан соны Сіздің назарыңызға ұсынуды жөн көрдім.

Өсім – шариғатта харам екені мәлім. Оны Алла тағала Құран Кәрімде қатаң тыйым салған[1]. Сондай-ақ, Алла елшісі де бірнеше хадисінде өсім жеудің ауыр күнә екенін ескерткен.  Соның бірінде сахаба Жәбір былай дейді: «Алла елшісі өсім жеушіні де, жегізушіні де және (арадағы келісімді) жазушыны да, оған күәлік етушіні де лағынеттеді. Және олардың бәрі тең дәрежеде (күнәлі) екендігін айтты»[2].

Осы хадиске қарасақ тек өсім жеушіні ғана емес, оны жегізушіні де, тіпті оған ат салысушыларды да күнәға ортақ етіп тұр. Сондықтан қазіргі таңдағы Ислам ғұламалары банктен өсімге кредит алуды харам деген үкімге тоқтап отыр. Тек өте зәру, шарасыз жағдайда ғана, рұқсат. Өте зәру жағдайға тап болған кісіге кеңшілік бар.Өйткені Құран Кәрімде былай деген: «…Шын мәнінде сендерге Алла харам еткен нәрселерді ашық баян етті. Бірақ егер шарасыз болсаңдар ол басқа…»[3].

Ендігі жерде, үйі жоқ пәтер жалдап тұрып жатқан кісінің үй салуы үшін кредит алуы аятта баян етілгенідей шарасыз, зәру жағдайға кіреді ме? Осы сұраққа ғалымдар не деген екен, соған құлақ түрейік:

ХХ-ХІ ғасырларда өмір сүрген көрнекті ғалым, әйгілі фиқһшы Мустафа Зарқаның әлгіндей сұраққа берген жауабы былайша:

«…Бірақ, шындығына келсек, шарасыздыққа (зәрулікке) пәтер жалдап тұрып жатқан адамның (кредит алып), баспана иемдену құштарлығы кірмейді. Адамдардың көбі пәтер жалдап тұрады. Сондай-ақ, иелігіндегі саудасын кеңейту мақсаты да шарасыздыққа жатпайды. Қолында бар ақшасымен немесе халал жолмен пайызсыз қарыз ала алатын болса, сонымен саудасын кеңейтуі тиіс. Менің пікірім осы. Ең дұрысы – кемшіліктен пәк Алла тағалаға мәлім»[4]

Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткізу керек?

Рамазан айында не нәрсеге көңіл бөлуіміз қажет?

21.03.2023

Қазіргі таңдағы беделді ғұламалардың бірі, көптеген ауқымды еңбектердің авторы фиқһ білгірі Уахбәту Зухайли бұл сұраққа мынадай жауап қайырған:

«Өсімге несие беретін банктермен үй тұрғызу үшін немесе көлік сатып алу үшін (және т.б.) келісім жасасуына болмайды (несие алуына). Мейлі ол мұсылман елінде болсын, мейлі мұсылман емес елде болсын үкім осы. Бірақ өте зәру жағдайда ғана рұқсат. Мысалы: пәтер жалдап туруға мүмкіндігі болмаса немесе паналайтын басқа жер табылмаса яки несие алмаған жағдайда өмір сүру жолдары тарылып кетсе. Жалдап тұрып жатқан үйдің ақшасы несиеге беретін ақшадан аз болсын, не көп болсын үкім өзгермейді».[5]

Әл-Әзхар университетінің ғұламаларының бірі Профессор Доқтор Мұхаммед Рa’фәт Османның пікірінше: «…Зәрулік себепті банктен өсімге кредит алып үй алу немесе үй тұрғызу тек өзге халал альтернатива болмаса ғана рұқсат… Халал алтернатива ретінде мыналарды атап өтсек болады:

  1. Жалдап тұрған пәтері болса. Егер адам пәтер жалдап тұра алатындай жағдайда болса, онда несиеге үй алуына тыйым салынады.
  2. Бөліп төлеуге (рассрочка) үй сатып алуға мүмкіндіктің болуы. Егер аталмыш кісі рассрочкаға үй алуды мүмкіндігі көтеретін болса, онда оның несие алуына тыйым салынады.
  3. Рассрочкаға үй тұрғызуға мүмкіндіктің болуы. Егер аталмыш кісіге қажеттілігіне жарамды бір үй тұрғызудың ақысын жұмысшыларға немесе құрылыс фирмаларына  бөліп төлеу мүмкіншілігі қарастырылған болса, онда оған банктен несиеге ақша алуына болмайды…[6]».

Осы орайда Мемлекет аралық Ислам Фиқһ ұйымының 1990 жылы Жидда қаласында өткен 6 (алтыншы) отырысында қабылданған қаулылардың бірінде былай делінген:

«Баспана адам баласының негізгі қажеттілігінің бірі екені сөзсіз. Сондықтан оған шариғатқа теріс келмейтін жолдармен, халал дүниемен қол жеткізу керек. Ал, ипотекалық және тұрғын үй банктерінің ұстанған жолы, дәлірек айтсақ үстеме пайдамен несие беру жолы (мейлі аз болсын, мейлі көп болсын), ол шариғатта харам боп есептелінеді. Өйткені онда өсім бар…»[7]

Қорыта келе айтарымыз, өсім – қоғамға оның ішінде жеке басқа экономикалық тұрғыда зиян тигізумен қатар, моралды тұрғыда да тоқырауға дұшар етеді. Сондықтан болар дініміз одан қатаң тыйған.

Ендеше мұсылман кісі аса зәру, шарасыз жағдайда ғана несиеге жүгінуді ойланса болады. Одан бұрын өзге жолдарды немесе жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар болса (шариғатқа сай), соны қарастырып көргені жөн.

[1] Бақара – 278,279, 275;
[2] Сахих Муслим: Китабул Мусәқат – №1598 хадис.
[3] Әнғам сүресі – 119 аят.
[4] Фәтәуә Мустафа Зарқа – 588 бет. Екінші баспасы, Дарул қалам, Дамаск – Сирия. 2001 жыл.
[5] Проф.Доктор У.Зухайли: Фатауа муъасыра – 102 бет.
[6] Қадая фиқһия Муъасыра. 2003 жыл.
[7] http://www.fiqhacademy.org.sa/qrarat/6-1.htm

Абдусамат Қасым

Islam.kz

Тегтер: Балғабек Мырзаевипотека
Бөлісу69Твитерге43Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Діни контентті жариялауда сақтық керек

12.07.2022
Сұхбат

Балғабек МЫРЗАЕВ: Зайырлылықты күшейту – дінді әлсірету деген сөз емес

25.03.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қор болдық, қу құлқынның қамы үшін...

Пікір 2

  1. Марат Сәкенұлы жазған:
    4 жыл бұрын

    Осы сұрақ мазалап жүр еді. Жауаптарыңызға үлкен рахмет.

  2. Пәленше Түгеншеев жазған:
    4 жыл бұрын

    Өте өзекті мәселе. БІз де екі ойлы болып жүрміз. Ипотека үй алсаң күнә сияқты, алмасаң пәтер жалдап жүруден шаршайсың.

Көп қаралғаны

  • 2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    268 рет бөліскен
    Бөлісу 107 Твитерге 67
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    5329 рет бөліскен
    Бөлісу 2132 Твитерге 1332

Соңғы жарияланымдар

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
0
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Толығырақ оқу

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
0
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Толығырақ оқу

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
0
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00