Мұсылмандар саны жағынан әлемдегі ең ірі ел – Индонезия үкіметі COVID-19 пандемиясы салдарынан екінші жыл қатарынан өз азаматтарын қажылыққа жібермеу туралы шешім шығарды.

Бұл туралы елдің Дін істері жөніндегі министрі хабарлады.

«Пандемия салдарынан және азаматтарымыздың қауіпсіздігі мақсатында ел үкіметі биыл да индонезиялық қажылардың қасиетті сапарға баруларына тыйым салады», – деді министр Якута Чолила Кумаса.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы да әлі осы жылғы қажылықтың квоталарын жариялаған жоқ. Ал қажылыққа ақшасын төлеп қойған индонезиялықтар Мекке-Мәдинаға келесі жылы бармақ.

Пікір жазу