Белгілі американдық шіркеу қызметкері көп жылғы рухани ізденістен кейін ислам дініне қалай келгені туралы айтып берді.
Калифорнияда тұратын Иларион Хиги алдымен орыс православ шіркеуінде қызмет істеген, 2003 жылы антиохия православ шіркеуіне ауысады, ал 2007 жылы шығыс католик шіркеуіне өтеді.
Ол көп жылдар бойы христиан дініндегі көптеген тармақтардың сенім қағидаларын зерттеумен болды. Кейін бір тармақтан екіншісіне ауысқан сайын оған діндес теологтар тарапынан айыптау мен кінәлау сөздері қарша борап жатты. Дегенмен ол рухани ізденістан қайтпады.
Ақыры Құдай жолындағы құлшынысы құр босқа кетпей, осы жылдар бойы исламға қарай келе жатқанын түсінді.
“Ислам дінін де бұрыннан зерттеп жүретінмін. Әбден танып-білгеннен кейін ғана мен осы қадамға барып отырмын. Мен тіпті сенім тұрғысынан емес, физикалық тұрғыда да мекен ауыстырдым. Өйткені бұған дейін католик монастырінде тұратын едім”, – дейді ол.
Ислам дінін қабылдағаннан кейін есімін Абдуллатиф деп ауыстырды. Ол өзін бір діннен шығып, екіншісіне кірдім деп санамайды, бар болғаны “табиғи жаратылысыма” қайттым дейді. “Көп адам ислам дінін қабылдағанда басқа дінге өттім демейді, исламға қайтып оралдым деп санайды”, – деді ол.