Сенбі, 2 Шілде, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ихсан – тәрбие негізі» кітабының тұсаукесері өтті

15.06.2021
- Жаңалықтар
0
157
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – тәрбие негізі» кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері – Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімұлы, Әділ Ахметов, Бақытжан Ертаев, Ғарифолла Есім, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және Діни басқарманың бөлім басшылары мен облыс имамдары қатысты.

Игі іс-шара қасиетті Құран оқумен басталып, Бас мүфти жиынға қатысушыларға ізгі тілегі мен алғысын білдірді. Наурызбай қажы Тағанұлы ихсанның бақытын иманнан іздеген жұртымыздың жүрегіне жақын ілім екенін айта келіп: «Ихсан ілімі әуелі пенденің Аллаға деген бойсұнуынан басталады. Адам баласының Аллаға деген ихсаны: алдымен иман келтіру, бұйырған амалдарын орындау, барлық тыйым салған нәрселерден аулақ болу, ізгі амалдарды арттыру. Құранда: «Негізінде Алла әділдікті, игілікті (ихсанды) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, жамандықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Түсінерсіңдер деп сендерге (осылайша) насихат береді», – деп баяндалған («Нахл» сүресі, 90-аят). Осы аят еліміздегі мұсылман қауымының жүрегіне жетіп, ғибрат алар деген үміттеміз» деді.

ҚМДБ Төрағасы өз сөзінде жаңа кітаптың жаңашылдығына тоқталып, осы кітапты шығаруға ыждаһаттылықпен үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.

«Бұл кітаптан әрбір адамға аса қажет ықылас, ниет, ыждаһат, тұрақтылық, тиянақтылық, Аллаға, Құранға, Пайғамбарға деген махаббат, нәпсімен күресу жолдары, жүрек дертінен арылу, рух тазалығы, тіл тазалығы сынды көркем мінезді қалыптастыратын сипаттарды тұлабойымызға сіңіру қажеттігін түсінеміз. Сонымен қатар, ата-ана, бала-шаға, көрші-қолаң, ағайын-туыс, айналадағы адамдардың ақысы жайлы құнды насихаттар жазылып, жаман әдеттерден арылудың жолдары көрсетілді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиынның құрметті қонақтары да құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіз білдірді.

Айта кетейік, «Ихсан – тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.

Еліміздегі діни делегация АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды

Еліміздегі діни делегация АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды

01.07.2022

Қазақстан қажылық миссиясы Меккеде өз жұмыстарын бастады

01.07.2022
Қайнар көзі: muftyat.kz
Тегтер: ихсанкітапҚМДБтұсаукесер
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

ҚМДБ: Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Жаңалықтар

ҚМДБ: Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

22.06.2022
Республикалық медиафорум: Бас редакторлар алқасы құрылды
Жаңалықтар

Республикалық медиафорум: Бас редакторлар алқасы құрылды

21.06.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бойынша семинар-тренинг өтіп жатыр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Зул-хиджа айының артықшылығы

    150 рет бөліскен
    Бөлісу 60 Твитерге 37
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2406 рет бөліскен
    Бөлісу 962 Твитерге 602
  • Шек беру шариғатта бар ма?

    180 рет бөліскен
    Бөлісу 72 Твитерге 45
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1454 рет бөліскен
    Бөлісу 582 Твитерге 364

Соңғы жарияланымдар

«Қабірімді көргім келеді»

02.07.2022
0
«Қабірімді көргім келеді»

Толығырақ оқу

Еліміздегі діни делегация АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды

01.07.2022
0
Еліміздегі діни делегация АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды

Толығырақ оқу

Діни буквализмнен сақ болайық

01.07.2022
0
Діни буквализмнен сақ болайық

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00