Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім. Ал тақуалық сөзі «әдеп», «көркем мінез», «қорғау», «зиянды нәрселерден аулақ болу» деген ұғымға саяды. Шариғи мағынасы «ұятты амалдан алыс болып, айналаңа жақсылық жасауға жақын бол» деген мағыналарды білдіреді. Күнә мен қателікке ұрындыратын істерден сақтану – тақуалықтың белгісі.