Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 ақпандағы № 210 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Ғибадат үйлерiн, ғимараттарды және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге беру тәртiбi туралы ереженi бекiту жайында» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 желтоқсандағы № 1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 49, 588-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi К. Мәсiмов