Сұрақ: Хазіреті Османның Құраны сақталған ба?
Жауап: Ислам тарихында хазіреті Османның бүлікшілердің қолынан Құран оқып отырған кезінде шаһид болғаны туралы айтылады. Бүгінде бірі білсе, бірі білмес, дәл сол Құран Ташкенттің «Хаст-Имам» алаңындағы қоғамдық мұражайда сақтаулы тұр.
Құран, мұражай мамандарының айтуынша дәл сол Османның қаны тамған Құран. Қалаған адам Ташкентке жолы түскен уақытта сол мұражайға барып көзімен көріп ғибрат алуына болады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ