Қаза, өлім-жітім көбейген күндерде Алматының мешіттері де қазіргі ахуалдан қалыс қала алмайды. Бір жағынан дін мен дерттің байланысы, ем қабылдауда да өзіндік пәтуалар бар екенін жоққа шығаруға болмас. Мәселен, шипасы бар тұнбалар мен дәрі-дәрмектердің құрамында этил спирті немесе шошқа майы болуы мүмкін.
Осындай сауалдарға қатысты Алматы орталық мешітінің наиб-имамы Мадияр Пірімқұлов мұсылмандарға вакцина мәселесіне күмәнданудың қажеті жоқ екенін айтып отыр.
Наиб-имам ресейлік «Спутник V» вакцинасын жасаушылардың мәліметтерінен хабардар екенін айтады.
«Ол халал, өйткені оның құрамында шошқа желатині және исламда тыйым салынған басқа да өнімдер жоқ. Бұл вакцина Иран, Бахрейн және БАӘ сияқты бірқатар мұсылман елінде қолданылады. Сондықтан уақытты босқа кетірмей вакциналарды халал және халал емес жағынан қарастырмаңыз. Адамдардың өмірін құтқаратын кез келді», – деп сөзін нақтылады наиб-имам.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұған дейін «Исламда адам өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ» деген мәлімдеме таратқан болатын. Сондықтан әркім өз денсаулығына ерекше назар аударуы керек. Рухани басқарма вакцина адам денсаулығын қазіргі уақытта жаһандық қауіп төндіретін коронавирустан қорғаудың ең қауіпсіз және тиімді әдісі екенін еске салды. Ал шариғатта вакциналауға рұқсат берілді. Бірақ вакцина – бұл әр азаматтың жеке таңдауы.
«Өздеріңіз білетіндей, біздің елімізде және әлемде індетпен байланысты жағдай күрделі. Күн сайын бір отбасынан бірнеше адам жұқпалы аурудан қайтыс болғаны туралы қайғылы оқиғалар қайталана бастады. Бұл вакцинаның қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан денсаулығымыз бен өмірімізді сақтап қалу үшін вакцинадан өтуге шақырамыз», – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Жалпы, әлемдік діни өкілдері вакциналанудан бас тартатын барлық діни сенушілер тек өздерін ғана емес, айналасындағылардың денсаулығын ойлауы тиіс екенін тынбай айтып келеді. Өйткені барлық дін, ең алдымен, жақындарын қорғауды басты парыз санайды. Осы ретте Алматының ең үлкен мешіттерінің наиб имамдары да өз ұстанымдарын алға тартты.
Нұрболат Дүйсебаев, Алматы қаласы Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің наиб-имамы:
– Шариғатта коронавирусқа қарсы вакцинаға рұқсат етілгенін әрі қасиетті Құранда өзіне де, басқаларға да зиян тигізбеу керек екені айтылған. Алла қандай ауру жіберсе де, оның мол сауабын жібереді. Жалпы, Алматыда діни бірлестіктер өкілдерінің көпшілігі өздерін және жақындарын қауіпсіздендіру үшін ғана емес, сонымен қатар індетпен күресте Қазақстан халқының бірлігін көрсету үшін, екпенің өмірлік қажет екенін көрсету үшін вакцина алып жатыр.
Қанатәлі Такиров, «Әли Мұхаммед» мешітінің имамы:
– Коронавирусқа қарсы вакциналарда Ислам дінін ұстанушылар үшін тыйым салынған ештеңе жоқ. Біздің ата-бабаларымыз да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Көптеген діни қызметкер қазірдің өзінде вакциналанған. Сондықтан Алматының басқа тұрғындарын оларды үлгі етуге шақырамыз. Ғылым исламның бір бөлігі екенін есте сақтау керек және біз ғылыми зерттеулерге сенуіміз керек. Алматы имамдарының белсенді ұстанымының арқасында мешіттер жұқпалы кеселдердің алдын алып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. Ұжымдық дұғаларға тыйым салынды.
Бауыржан Көптілеуов, «Төле би» мешітінің ұстазы:
– Қастандық теориясына сенбеу керек, дін мәселелерінде имамдарды, медицина мәселелерінде дәрігерлерді тыңдау керек. Қазір коронавирустың төртінші толқыны үдеп, жұрт жаппай ауырып жатыр. Тепсе темір үзетін жастарға да індет жұғып жатыр. Адам өмірін сақтау және құтқару үшін жасалып жатқан барлық іске шариғат тыйым салмайды, керісінше, құпталады. Сондай-ақ пайғамбарымыздың с.ғ.с «Өзіңе де, өзгеге де зиян тимесін» деген хадисін естен шығармауымыз керек.
Айнаш ЕСАЛЫ