Елордамызда «Halal Expo» халықаралық көрмесі өтті. ҚМДБ «Халал даму» директоры Айбек Асқарбекұлының айтуынша, бұл еліміздің халал индустриясы саласындағы ең үздік көрме. Бүгінде 1300-ден астам мекеме ҚМДБ-ның халал сертификатын алса, бүгінгі көрмеге солардың ішінен 100-ден астам өндіруші қатысып отыр. Олардың қатарында Қазақстанмен қоса, көршілес елдерден келген қонақтар да бар.