Сұрақ: Ғылымды қызғануға бола ма?
Жауап: Исламда қош көрілген және қош көрілмеген қасиеттер бар. Қызғаныш қасиеті қош көрілмеген мінездердің қатарына жатады. Қызғаншақ адам басқаның өзінен жақсы киінетінін, жақсы өмір сүретінін, әдемілігін, еңбекқорлығын, сәттіліктерін көре алмайды. Қызғанып жүрген адамының басына келген бәлеге, машақаттарға қуанады. Оның жүрегі қатаяды. Сол үшін ислам оны жаман мінездің қатарына қосып, қызғаншақтық қасиеттен сақ болуға шақырады.
Алайда екі жағдайға қызғанышпен емес, қызыға қарауға рұқсат береді. Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады: Алланың берген байлығы таусылғанша Хақ жолында жұмсаған атымтай жомартқа және Алланың бойына дарытқан даналығымен (адамдар арасында туындаған дауларды оңтайлы шешуде) билік айтып, әрі өзгелерге білім үйреткен ғалымға», – деп айтты» – делінген (Бұхари, Мүслим).
Мұндағы қызғанышты «шіркін, менде де дәулет болып, Құдай жолында қайырымдылық қылсам немесе мен де ғалым болып, білімді басқаларға үйретсем» деген сияқты қызыға қарау деп түсіну керек. Бұған атақ, билік, мансап сияқты мақсат үшін қызғану жатпайды.
Жалғас САНДЫБАЕВ
Адамның санасын , жай ақыл–ойын ғана емес , жоғарғы ақыл–ойын оятып, дамытатын ғылым ғана нағыз маңызды.
Адамның санасын жоғарғы ақыл–ойы (себебі) Даналық әлеміне жол ашады.
Алдында айтылды: “Алланың разылығын Рухани кемелденуге шынайы ұмтылуы арқылы ғана адам Құдай разылығына жете алады. Яғни ақыл-ойдан (парасаттан) биігірек қасиетті – даналықты жетілдіруге ұмтылу керек. Адамның бүкіл мына планетадағы, кейін адамзат өмір сүрентін жоғарырақ планеталардағы да түпкі миссиясы осы болып қала береді… Өсімдіктерде сезім денесі жетілмеген (яғни жоқ ондай нәзік материядан құралған денесі), олардан бір саты эволюциялық жоғарырақ тұрған жануарларда ақыл-ой (парасат) денесі жетілмеген (яғни жоқ ондай нәзік материядан құралған денесі). Адамда даналық денесі жетілмеген (яғни жоқ ондай нәзік материядан құралған денесі).,.. Діндегі құрия ілімдерді, тереңірек рухани ілім – батни ілімге – ұмтылып, оны дұрыс меңгерген адам ғана нағыз Алла арзылығына ие болады” деп. Алланы тану белсенділігі мәні түпсіз терең, ол мына Жер планетасындағы “адамзаттың эволюциялық тәжірибесі ” аталатын сыныптарда оқумен , (яғни адам ретінде өмір сүріп, білімдерді игерумен) аяқталмайды…