Францияның футбол федерациясы Рамазан айында футбол матчтары кезінде мұсылман футболшылары ауыз ашып алу үшін ойынды тоқтата тұрудан бас тартты. Олар “футбол дін мәселелерінен тыс” деп мәлімдеді.
Алайда “Пари Сен-Жермен” клубының жанкүйерлері бұл шешіммен келіспей, өз наразылықтарын білдірді. Парижде өткен кезекті ойын кезінде олар “Құрма мен стақан су – Француз футбол федерациясының қорқынышы” деген үлкен баннерді ұстап шықты.
Ал Англияның премьер-лигасы болса, керісінше матч кезінде ауызашар уақыты кірсе, ойынды тоқтата тұруға келісімін берді.