Ұлыбританияның Блэкберн қаласында жергілікті мұсылмандар ескі шіркеу ғимаратын жөндеуден өткізіп, мешітке айналдырды. Ат-Тақуа деп аталатын құлшылық үйінің ғимараты 1870 жылы тұрғызылған. Бұрын ол әулие Чед шіркеуі деп аталатын. 150 жылдық тарихы бар ғибадатхана соңғы жылдары ешкім бармағандықтан қаңырап бос қалған болатын.
“Біз ғимараттың бастапқы сәулет кескінін сақтап қалуға тырыстық” дейді мешіт өкілі. Ғибадатхана қайта ашылғаннан кейін осы істі ұйымдастырушыларға жергілікті мұсылмандар да, мұсылман емес адамдар да алғыстарын жаудырып жатыр.
Мешітке бас сұққан қалалық кеңес мүшесі Фил Райли ғимараттың әдемілігіне таңырқап, жергілікті халық үшін керемет құлшылық үйі болғанын атап өтті.