Ағымдағы жылдың 21 мамырында Комитет төрағасы Ержан Нүкежанов «VERSUS» жас дінтанушылар қауымдастығы өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізді.

 

Аталмыш шара Нұр-сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайының жанындағы саябақта, ашық ой бөлісу атмосферасында өтті.

Ержан Нүкежанов кездесу барысында негізгі үш мәселені алға қойды. Дінтану және теология мамандықтарының түлектерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік желілердегі діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмысқа жастар мен азаматтық қоғамды тарту, сондай-ақ дін саласындағы жаңа жобалар мен тәсілдерді бірлесіп әзірлеу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Е. Нүкежанов жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жетілдіру, зайырлы қоғам қалыптастыру, практика мен теорияның екі шетін ұштастыру деген аспектілерге назар аударды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Екпе салдырмағандар көшеге шыға алмайды

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдегі діни ахуалды жақсарту мақсатында өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға келісті.

«YZ CLUB» диалог алаңы шеңберінде өткен іс-шара дін саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге, жастарды тартуға, сондай-ақ елде діни экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу және оны оңалтуға бағыттады.

Пікір жазу