Жұма, 1 Желтоқсан, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ерболат БЕДЕЛХАН: Қазақстан – түркі халықтарының ортақ мәдени астанасына айналу керек

26.10.2023
- Қоғам, Сұхбат, Таңдаулы
0
36
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елорданың төрінде  SöZ Astana Public Talk алаңында   «Қазақстандық медиа: дейін және кейін» деген тақырыпта қызу дәріс өтті.  Бұл көпшілікке арналған жиын – басқаларынан өзгеше. Себебі қалың жұртшылықпен танымал продюсерлер Ерболат Беделхан  мен Айзатулла Хуссейн Қазақстанның креативті экономикасын қалай дамыту керек екендігі жайында өз тәжірибесімен бөлісті. 

Ерболат Беделханның айтуынша, түркі тілдерін біріктіріп мәдени саланы қалыптастыруда Қазақстан маңызды орын алады.

– Қазақ-түрік бір туғанбыз. Кезінде бүкіл түркі халықтары Түркістанды рухани орталық ретінде қабылдаса, онда Қазақстанды неге бәріне ортақ  мәдени астана ретінде мойындамаcқа?! Басқа халықтарға қарағанда мәдени саланы алып кетуде Қазақстанның мүмкіншілігі зор. Осындай мүмкіндік бола тұра, қолда бар алтынның құнын сезінбедік. Медиа саласындағы сапырылыс кезеңде өз-өзімізді таба алмай адасып, бізге қатысы жоқ мәселелермен бас қатырып жүрміз. Себебі әлі құлдық сана сезімнен құтыла алмағандықтан, емін-еркін күйде өмір сүруге дағдыланбадық. Қорықпай, біреуге қарап жалтақтамай өмір сүру керек. Шындығында, әркім өз-өзінің қара басын ойлауға құқылы. Қандай жағдай болмасын біз өз болашағымызды, тағдырымызды бірінші таңдауымыз керек,- дейді продюсер.

Продюсер өнерді еркіндікпен салыстырады. Өйткені әлеуметтік қоғамда болып жатқан мәселелер өнерде көрсетілу керек деген тұшымды ой айтты.

– Жастардың жан дүниесіне музыка арқылы жете алдық. Басында қандай контент жасаймыз деп ойлағанда бірден ән шығаруға тоқталдық. Себебі  музыка тұтас елде болып жатқан  оқиғаның келбетін ашық көрсете алады. Музыка –  ақпарат. Ол менің халықпен байланыс орнататын құралым десем болады. Сол секілді әркім өз контентін ұсынса, елімізде үлкен нарық қалыптасар еді. Сонда ғана тұтас бір шығармашылық индустрия пайда болатыны сөзсіз. Заманауи кезеңде өнер тәуелсіз болу керек. Бірақ оны билік түсінбегенше, еркіндік болмайды. Ал мен билікпен сөйлесуге ашықпын,- деді ол.

Сондай-ақ  біз айта бермейтін өмірдің екінші жағы да бар екендігін айтты. Ауруын жасырған өледі демекші, егер оны көрсетпеуге тырысатын  болсақ, революциялық емес эволюциялық дамимыз дейді.

«Өмірдің бәрі тек бақытты, қуанышты сәттерден тұра бермейді. Өмір болғаннан кейін шынайы, өз-өзімізді алдамай өмір сүруіміз керек.  Себебі даму үшін шынайы өмір сүру маңызды, ал ол тек шындық арқылы жүзеге асады»,- дейді Ерболат мырза.

8 дін қызметкері РАНТ-қа қабылданды

8 дін қызметкері РАНТ-қа қабылданды

01.12.2023
«Ұлы дала ағартушылары» электрондық кітапханасы құрылды

«Ұлы дала ағартушылары» электрондық кітапханасы құрылды

01.12.2023

Ал Айзатулла Хуссейн тілдің креативті индустрияда алатын орнына тоқталды. Тілді тек байланыс құралы ретінде қабылдамауымыз керек екендігіне тоқталды.

– Тіл – өзге елдермен араласуға, байланыс орнатуға көп пайдасын тигізеді. Бірақ оның мән-мағынасы тереңде жатыр. Өйткені Мен елімнің тарихын білген сайын тамырымыздың тереңде жатқанын байқадым. Сондай-ақ біздің ұлттық болмысымыздағы құндылықтар басқаларында жоқ. Тіл қатып қалған дүние емес, ол әрқашан заманға байланысты өзгеріп отырады,- деді ол.

Ерболат Беделханның айтуынша, идеалогия мен ұлттық құндылықты эксклюзивті, қайталанбайтын контент жасау арқылы сақтап қалуға болады. Ең бірінші билікпен идеалогиялық тұрғыда тұтасуымыз қажет. Ол үшін алдымен  коммуникацияны орнатып алу маңызды. Идеалогия дегеніміз – ұлттық құндылық. Ал ұлттық құндылық – ол қазақтың ішкі мәдениеті. Ол адамның сана сезіміне қатты әсер етеді.  Оны жоғалтып алсақ, ұлт ретінде жойыламыз.

– Менің тәжірибе жинауыма Кореяның кейсі үлкен септігін тигізді. Себебі корейлердің өнерін зерттеуге құштарлығым артқанда сол мемлекетке барған едім. Басында олардың тағамына, өмір сүру салтына үйренбегендіктен, өзімді қоярға жер таппадым. Күндердің бір күнінде сол корейлердің ащы тағамын қалай тамсанып жеп қойғанымды байқамай қалдым. Яғни рухани дүние сенің биологиялық болмысына әсер етпей қоймайды екен. Сондықтан біз басқа ұлттың өнеріне қызыға бастағаннан бастап, соларға еліктеп шаш бояймыз, киімдерін киеміз. Негізінде қазақтар мен корейлердің болмысындағы көп ұқсастықтарды байқадым,- деді продюсер.

Осы ретте қазақтың бойында ешкімде жоқ, қайталанбас дүние бар екендігін алға тартты. Шетелде өнер көрсеткен кезде сол саланың мамандары қазақша музыканың ерекшелігін бағалаған екен.

«Мен домбырамен ән айтпасам да болмысымда, өнерімде қазақтың қара домбырасының иісі бар. Оған қоса қазақ тілінде сөйлеу –  ол жүз пайыз эксклюзивтілікті алып келеді. Сондықтан біз тіл мәселесіне қайта орала береміз. Яғни ешкімге ұқсамайтын дүние жасау үшін  шетелге еліктемеуіміз керек, ол қазақтың ішінде, тілінде жатыр. Өз жаныммен сөйлесуді, пікірлесуді әдетке айналдырып алдым. Себебі бүкіл күш өзімізде, оны сырттан іздеудің қажеті жоқ»,- деді Ерболат мырза.

Ozen медиа компаниясының негізін қалаушы Айзатулла Хусейн заманауи қазақстандық музыканың қалай және кімге арналғаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазақ тілінде шығатын OZEN жұмысын негізінен орыс тілді аудитория тыңдайды екен, себебі 80% орыс тіліндегі пікірлер.

– Жасанды интеллекттің келуімен бәрі басқаша жұмыс істей бастайды. Әсіресе соның ішінде музыка индустриясы. Еліміздегі өз таланттарымыз соны дамыту керек. Сонда ғана біз өз идеяларымызды әлемге жеткізе аламыз. Біз қазір көктемде бүршік атқан гүл секілді ашылып келеміз,- деді продюсер.

Сондай-ақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын Ерболат Беделхан пандемия кезінде екі стартап бастапты. Бірі – музыка, екіншісі – видео-стриминг.

– Бейне жазуды бір жылдан кейін қолға алдым.  Музыка саласындағы миссия орындалды. Ал видео-стриминг жобасының мақсаты – әлемдегі киноларды, дорамаларды, анимелерді сапалы тұрғыда қарапайым ауызекі стильде қазақ тіліне дубляждау. Негізінде ол қатты қымбат дүние емес. Креативті тұрғыда қазақ тілін насихаттағым келді. Бұл екі жоба әлі де бар, оны ары қарай жүзеге асыра беремін,-деді ол.

Оның айтуынша, бір-екі азамат мемлекетті өзгерте алмайды, ол үшін әрқайсымыз таңдау жасауымыз қажет.

– Менің мақсатым –  Қазақстанда жұмсақ күш қалыптастыру. Жинаған тәжірибеме сүйеніп музыка саласына жұмсақ күштің демоверсиясын алып келдім деп айта аламын. Ол үшін оны тұтас мемлекет қабылдау керек. Қазақстанда әлі күнге дейін жұмсақ күш кенже қалып тұр. Адамдардың бір-бірін тыңдай білуі маңызды. Адам пайда үшін нетворкинг жасайтын болса, рухани азып кетеді. Адамды адам қылдыратын – түсінушілік. Мен әлемге біздің мәдениетіміз бен тарихымызды, кім екенімізді көрсеткім келеді. Бұл үшін өнер өте жақсы құрал,- деді продюсер.⠀

Қорыта келе, елімізде креативті индустрияның дамуы үшін мемлекет пен халықтың белсенді қолдауы қажет. Болашақта өзге ел мен ұлт өкілдері де қазақ тілінде музыка тыңдайтындай жаһандық трендтерді Қазақстанда қалыптастырғымыз келсе, үкіметтің креативті индустрияға деген көзқарасы өзгеру керек.

Балжан Әуезханқызы

Тегтер: QazaqstanЕрболат БеделханТүркі халықтары
Бөлісу1Твитерге1Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Қазақстан конфессияралық келісім орталығы

17.11.2023
44 қазақстандық Газа секторынан эвакуацияланады
Жаңалықтар

44 қазақстандық Газа секторынан эвакуацияланады

13.11.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шоқан зиратына зиярат етті

Шоқан зиратына зиярат етті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Төрт мәзһаб – ислам

    4100 рет бөліскен
    Бөлісу 1640 Твитерге 1025
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    5366 рет бөліскен
    Бөлісу 2144 Твитерге 1340
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7889 рет бөліскен
    Бөлісу 3156 Твитерге 1972
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2444 рет бөліскен
    Бөлісу 977 Твитерге 611

Соңғы жарияланымдар

8 дін қызметкері РАНТ-қа қабылданды

01.12.2023
0
8 дін қызметкері РАНТ-қа қабылданды

Толығырақ оқу

«Ұлы дала ағартушылары» электрондық кітапханасы құрылды

01.12.2023
0
«Ұлы дала ағартушылары» электрондық кітапханасы құрылды

Толығырақ оқу

Дін туралы заңды бұзу: діни әдебиеттер

30.11.2023
0
Заңдағы өзгерістер уақыт талабынан туындаған

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00