Ислам дінінде жеке адамның дүние-мүлікке иелік етуі негізге алынғандықтан отбасында әйел яки еркектің қайсысы жағдайы жетіп тұрса, соның құрбандық шалуы – уәжіп. Ал жағдайы бар адам қаласа, әйелі, балаларының атынан да құрбандық шалса болады. Бірақ бұл міндет емес, сауапты іс болып табылады.
Алау ӘДІЛБАЕВ,
исламтанушы