Ғибратты әңгімелер

Ең көп маһр алған келіншек

Күндердің күнінде дәулетті Әбу Талха деген меккелік болды. Ол ер жетіп өзіне жар іздейді. Содан бір күні Умму Сулаймға келіп:

— Мен саған ең көп маһр беремін,-деп үйленуге ұсыныс береді. Ол уақытта Умму Сулайм мұсылман болып үлгерген еді. Әбу Талханың ұсынысына Умму Сулайм:

— Мен саған тұрмысқа шыға алмаймын. Себебі, сен мұсылман емессің. Ислам шариғаты бойынша мұсылман әйел мұсылман емес еркекке үйлене алмайды,- деп бетін қағады. Әбу Талха мұндай жауапты күтпестен кері үйіне қайтады. Ертесіне махаббат сезімі оны Умму Сулаймның үйіне қайта алып келеді. Әбу Талха:

— Мен саған сары және ақ түсті алтындар беремін. Маған тұрмысқа шық, дейді. Умму Сулайм дегенінен қайтпай әлгі жауабын қайталайды. Әбу Талха қайтпай:

— Саған үйлену үшін не істеу керек?-дейді. Умму Сулайм:

— Мұсылман болу қажет. Әбу Талха:

— Ислам туралы алдымен ақпаратты кімнен алсам болады? Умму Сулайм:

— Ардақты Мұхаммед ибн Абдулла (с.а.у.) пайғамбардан,-деді. Содан Әбу Талха пайғамбардың (с.а.у.) үйіне қарай бет алады. Үй жағында пайғамбар (с.а.у.) сахабаларын жиып, бас қосып отырады. Әбу Талха оларға жақындап келіп, пайғамбарға қарайды да:

— Әбу Талха саған келді, көз жанарында оның Ислам нұры жарқырап тұр,- дейді. Сөйтіп, ол мұсылман болып Умму Сулайм екеуі шаңырақ құрған екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close