Сұрақ: Электронды тәсбих тарту дұрыс па?
Жауап: Электронды тәсбих құрал болғандықтан, оны қолдануға болады.
Әдетте, намаз оқып болған соң «субханалла», «әлхамдулилла», «Аллаһу акбар» сияқты зікірлерді айтқанда реттік санды білу үшін тәспі қолданады. Тәпсінің бар қызметі – Аллаға айтылған зікірді есептеу құралы. Сол сияқты жалпы зікірдің санын анық білу үшін электронды тасбихты да қолдануда тұрған еш ағаттық жоқ.
Уақыт өткен сайын барлық саладағы технология қарқынды дамып, адам жаңа құралдарды пайдалануда. Электронды тәспі де аты айтып тұрғандай, дәстүрлі тәспінің заманауи үлгісі десек дұрыс болмақ.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Таспих қалай қолданылады?