Алматы мешіті мылқауларға арналған курс ашты

    248

    Алматы қаласының орталық мешітінде елімізде алғаш рет мылқаулар мен саңырауларға мешіт жанынан арнайы топ ашылды — деп Azan.kz сайты хабарлайды.

    Курс дініне, ұлтына, жасына қарамастан барлық келушілерге есік ашық. Курстың мақсаты – оны қабылдау өз еріктеріне берілетін есту мен сөйлеу қабілеті жоқ жандарды Исламмен таныстыру.

    Сабақтар әр жексенбі 15:00-18:00 – аралығында ойын және достық түрінде мәжбүрлеусіз жағдайда өтеді. Сонымен қатар Ислам негіздеріне кіріспе сабағын ұсынады.

    Егер сіздің туыстарыңыз, достарыңыз және таныстарыңыздың ішінде мылқау жандар болса, оларды мешітке алып келіңіз. Мүмкін оларға Исламды тануға және қабылдауға ең алғашқы қадам болар.

    Егер ишара тілін меңгерген мұсылмандар мылқаулармен жұмыс істеуде тәжірибесі болса, осындай сауапты іске қолдау білдіргісі келсе +7701 513 73 34 нөміріне хабарласуға болады. Исламға шақыру әрбірімізге парыз екенін ұмытпаңыздар.

    Алла тағаладан бізге бұл еңбекте қолдауын, Исламға және мұсылмандарға пайдалы етуін сұраймыз. Әмин.

    Пікір жазу