Сауд Арабиясы билігі Меккедегі қасиетті жерлерге келетін мүмкіндігі шектеулі қажылар үшін жайлылық деңгейін арттыру тәсілдерін жетілдіріп жатыр.
Жуырда егде жастағы адамдардың еркін қозғалып жүруі мақсатында мешіт аумағында жаңа көліктер – заманауи тарантайкалар қызмет етпек.
Әл-Харам мешіті және пайғамбар мешіті істері басқармасының басшысы Әбдірахман ас-Судайстың айтуынша, бұған дейін он мыңдаған адам жүретін айналасы атшаптырым мешіт аумағына үлкен жастағы қария қажылар шаршап қалатын. Енді олар қалың нөмірдің арасымен еш қиындықсыз жүру мүмкіндігіне ие болады.