Бір кісі Хасан Басриден: «Сіздің осы дүниеге қызықпайтыныңыздың сыры неде?» – деп сұрапты. Сонда ол: «Төрт нәрседе», – деп жауап беріпті:
1) Менің несібемді ешкім ала алмайтындығын түсіндім, сондықтан менің жүрегім тыныш тапты.
2) Менің жұмысымды ешкім істемейтінін түсіндім де оны өзім істей бастадым.
3) Алла мені көріп тұрғанын түсіндім де, менің күнә істеп тұрғанымды көруінен ұялдым.
4) Мені алда өлім күтіп тұрғанын түсіндім де, Раббыммен кездесу үшін өзіме азық (сауап) жинап жатырмын.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Дүниеге қатты қызықпа, оған мән берме, сонда Алла сені жақсы көреді. Адамдардың қолындағы нәрселерден де үмітіңді үз, олардан ешнәрсе сұрама, сонда адамдар да сені жақсы көреді» деген екен (ибн Мәжә).
Дайындаған –Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ