Инстаграм әлеуметтік желісіндегі Kartahana парақшасында биыл қаңтар-маусым аралығында еліміздің облыстарында дүниеге келген сәбилер туралы жаңа мәлімет жарияланды.
Осы уақыт аралығында елімізде өмір есігін ашқан барлық сәбидің 79,83 пайызы қазақтар болған. Ал қазақ сәбилерінің ең көп үлесі жағынан алғашқы бестікте батыстағы 4 облыс пен Қызылорда облысы тұр. Атап айтқанда, Қызылорда облысында барлық сәбидің 98,4 пайызы қазақ. Одан кейін Атырау (95,9), Маңғыстау (95,5), Ақтөбе (92,9) Батыс Қазақстан (90,1) облыстары орналасқан.
Ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында тіркелген. Бұл облыстарда барлық дүниеге келген сәбилердің сәйкесінше 50,2, 55,8 және 68,2 пайызы қазақтар.
Еліміздің 3 мегаполисіндегі көрсеткіштер мынадай: Астанада – 89,7 пайыз, Алматыда – 77,1 пайыз, Шымкентте – 75,9 пайыз.
Толығырақ төмендегі картада: