Бұрынғы кітаптарда айтылуы бойынша Алла Тағала Мұса (а.с.) пайғамбарға: «Әй, Имранның ұлы Мұса! Өзіңе дос ізде, әрі абай бол! Қайсыбір досың сені Мені сүюге ынталандырмаса, онда ол дұшпаның болғаны» деп уаһи еткен.
* * *
Алла Тағала Дәуіт (а.с.) пайғамбарға уаһи жіберіп:
– «Әй, Дәуіт, саған не болған, жалғыз басыңа қалып, адамдардан жырақтапсың?» дейді. Дәуіт (а.с.):
– «Уа, Раббым, сенің ризалығың үшін адамдарды тәрк еттім» дейді. Алла Тағала оған:
– «Әй, Дәуіт, сақ бол, әрі өзіңе дос ізде! Мені сүюде саған ермегендермен достық құрма! Себебі, олар сенің дұшпаның. Сенің жүрегіңді қарайтады және Менен алыстатады» дейді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
kazislam.kz