Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни контентті жариялауда сақтық керек

12.07.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
266
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Интернет дамыған заманда кез келген ақпаратқа әлеуметтік желі арқылы оп-оңай қол жеткізе аламыз. Көбінесе ол ақпараттың дұрыс не бұрыстығына ден қойып тексеріп жатпаймыз. Әсіресе діни мазмұндағы контентті сенімді ақпарат көздерінен алған дұрыс.

Бұл туралы ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы тексерілмеген кез келген ақпаратты тарату – қаупті, оны тұтынушы оқырман да абай болғаны абзал дейді.

– Шариғатымызда жалған жаңалық таратып, оны дұрыс көру тыйым салынған істерден делінген. Қасиетті Құранда; «Әй, мүміндер! Пасық біреу хабар әкелсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе, білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер»(«Хужурат» сүресі, 6-аят) делінген.

Міне, Қасиетті Құран әрбір хабарды анықтап алмайынша, таратуға, жалған ақпарат жеткізуге тыйым салады. Өкінішке қарай, әлеуметтік желі кейбір адамдар арасындағы алауыздыққа түрткі болуда. Адамның көңіліне қаяу түсіріп, арада күмән тудыратын жалған нәрседен, қаңқу сөзден аулақ болу – мұсылманға тән мінезден. «Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман» дегендей, әлеуметтік желі қаңқу сөздің алаңына айналғаны бізді алаңдатпай қоймайды, – дейді Ағабек Қонарбайұлы.

Ал дінтанушы Балғабек Мырзаев діни контент қоғамға немесе жекелеген тұлғалараға бағыт-бағдар беріп отыратын керекті дүние екендігін айтады. Сондықтан діни контентті қоғамның сұранысына сай дайындай білу және оны дұрыс  пайдалана білу өз кезегінде өте маңызды істердің бірі дейді.

– Себебі, бүгінгі қоғамда дінді ұстанатын, ұстанбайтын, сенбейтін немесе дінге қалай сенетінін білмейтіндер, сондай-ақ радикалдар мен фанаттар сияқты топтар бар. Және олардың діни қажеттіліктері де әртүрлі екенін ескере отырып, діни контентті қандай аудиторияға бағытталатынын және оны кімдер айтуы керек екендігіне дейін уәкілетті органдар бағыттап отыруы керек.

Мысалы, радикалдық бағыттағы адамға дінді ұстанбайтын адамның айтқан сөзінің әсері аз болады. Оған талай мәрте өзім де куә болдым. Ал оның алдына Құран мен Сүннет ілімін жетік меңгерген адам шығып, радикализм мен терроризмнің теріс әрекеттерін аят-хадистермен түсіндіріп берсе, ол райынан қайтуы әбден мүмкін, – дейді дінтанушы.

Түркиядағы қазақстандық студенттер  ҚМДБ өкіліне алғыс білдірді

Түркиядағы қазақстандық студенттер  ҚМДБ өкіліне алғыс білдірді

08.02.2023
Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

08.02.2023

Діни басқарма асыл дінімізде ақпарат таратудың өзіндік әдебі мен мәдениеті бар екендігін ескертеді. Сондай-ақ басқарманың төл ақпарат құралдары – «Мұнара» телеарнасынан, «Мұнара» газетінен, «Иман» журналынан, www.muftyat.kz сайтынан, «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген кітаптардан ақпарат алуға шақырады.

Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, пәтуаларға, отбасылық мәселелерге қатысты шариғат ұстанымдарына сұраныс уақыт өткен сайын артуда.

– Әсіресе, қасиетті Рамазан айында, қажылық маусымында, Ораза айт пен Құрбан айт кездерінде діни контенттің маңызы арта түседі. Рамазан айында оразаға қатысты сұрақтар өте көп қойылады. Тіпті, осы сәттерде Діни басқарманың сайтына кірушілер саны да күрт көбейеді. Біздің мамандарымыз бен ғалымдарымыз әлеуметтік желілер мен сайт поштасына келген сұрақтарға мейлінше дер кезінде жауап береді. Осы ретте тұтынушы өзіне қажетті ақпаратты дер кезінде ала алмаса, басқа ақпарат көздеріне жүгінуі, әсіресе шетелдік діни контентті пайдалануы мүмкін.

Халықтың рухани құндылықтарға деген сұранысы артқан сайын діни контенттің де маңызы арта түсетіні белгілі. Біз ақпарат кеңістігін мейлінше дұрыс діни контентпен толтыруға тырысуымыз тиіс. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы мәселені ескеріп, Діни басқарманың ақпарат саласындағы жұмыстарын уақыт өткен сайын жандандырып келеді.

– Мұсылман біреуді қаралау, даттаудан аулақ болғаны жөн. Алла Елшісі «Мұсылман басқа бір мұсылманға, тілімен, қолымен зиян келтірмейді» деді. Нағыз мұсылмандық қағиданы сақтай отырып, сол шеңберде қызмет етер болсақ, онда абырой биігінде боларымыз анық. Осы тұрғыдан келгенде, дұрыс діни ақпарат таратудың пайдасы көп, – дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ дін мамандары діни мазмұндағы ғылыми контенттер жеткіліксіз екендігін айтады. Осы ретте салалық журналистиканың маңызы артып отырғанын алға тартады.

–  Діни тақырыпта жазатын әлемнің көптеген мұсылман елдерінде діни журналистика саласы бойынша болашақ журналистерді дайындайды. Өкінішке қарай, діннен хабары аз кейбір әріптестеріміз өзінің көзі жетпеген діни мәселелерді бұрқыратып жазып, мұсылман жамағатының арасына жік салып қояды. Бұл – діни мәселені ешкім көтермесін дегенді білдірмейді. Дін нәзік сала болғандықтан, бұл тақырыпты байыппен, байсалдылықпен, Діни басқарманың ұстанымы мен пәтуасын ескеріп жазса деген тілегіміз бар, – деді Ағабек Қонарбайұлы.

Бұдан шығар қорытынды, әр адам сөзіне, ісіне, әлеуметтік желіге жариялаған жазбасына мұқият болуы қажет. Себебі деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асуда.

Балжан ӘБДІРАШ

Тегтер: Ағабек ҚонарбайұлыБалғабек Мырзаевдіни контентҚМДБМедиа саласы
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

“Зекет” қоры үйі өртенген отбасыға жаңа баспана сыйлады
Жаңалықтар

“Зекет” қоры үйі өртенген отбасыға жаңа баспана сыйлады

07.02.2023
Діни басқарма делегациясы Индонезиядағы халықаралық конференцияға қатысуда
Жаңалықтар

Діни басқарма делегациясы Индонезиядағы халықаралық конференцияға қатысуда

06.02.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құрбан айттың қорытынды есебі берілді

Құрбан айттың қорытынды есебі берілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    4574 рет бөліскен
    Бөлісу 1830 Твитерге 1144
  • Духа намазы қалай оқылады?

    490 рет бөліскен
    Бөлісу 196 Твитерге 122
  • Истиғфар дұғасы дегеніміз не?

    3337 рет бөліскен
    Бөлісу 1333 Твитерге 833
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    3202 рет бөліскен
    Бөлісу 1279 Твитерге 799
  • Төрт мәзһаб – ислам

    2613 рет бөліскен
    Бөлісу 1045 Твитерге 653

Соңғы жарияланымдар

Түркиядағы қазақстандық студенттер  ҚМДБ өкіліне алғыс білдірді

08.02.2023
0
Түркиядағы қазақстандық студенттер  ҚМДБ өкіліне алғыс білдірді

Толығырақ оқу

Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

08.02.2023
0
Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

Толығырақ оқу

Имамдар Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін дұға жасады

08.02.2023
0
Имамдар Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін дұға жасады

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00