Еліміздегі мұсылмандардың көп бөлігі қазақтілді болғанымен, орыстілді жамағат қатары да аз емес. Қазақ имамдары арасында бұрын орысша уағыз-насихат айтатын мамандар аз болғандықтан, орыстілді азаматтарымыз көбіне шетелдік уағызшыларды тыңдайтын еді. Бұл өз кезегінде олардың кейбірінің теріс ағымға түсулеріне ықпал етті. «Шапағат» орталығының теологы Бақтияр Смадьяровтың айтуынша, еліміздің ақпарат айдынында діни тақырыпта тартымды дүниелер аз емес. Сондықтан шетелдік имамды емес, өз дүниетанымызға сай видеолар мен басқа да материалдарды тұтыну керек.