Ислам діні – қоғамды татулыққа шақырады, тыныштықта өмір сүруге жетелейді, ынтымақ пен бірлікке бастайды. Ал, ихсан ілімі – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттырып, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түседі. Бұл қасиетті ұғымдар қоғам арасында бірінсіз бірі жүрмейді.