Білімсіз дін атынан сөйлеу – қатерлі құбылыс. Белгілі бір мәселеге байланысты шешім шығарарда адалды арам, ал арамды адал деп пәтуа беру Алла Тағала атынан өтірік айтумен пара-пар. Адамды алдау, діни сенімін бұрмаланған ақпаратпен бекіту – үлкен күнә.