Кез келген қоғамның тарихында, мәдениетінде, дәстүрінде және менталитетінде діннің орны ерекше. Яғни дін жекелеген адамдар мен қоғамның бірігуіне, тіл табысуына, қарым-қатынас құруына және саяси, экономикалық қолдау беруінде маңызды роль атқарады. Оның ішінде түрлі діндер мен мәдениеттерге жататын қоғамдар арасындағы қажетті диалогқа қол жеткізу үшін діннің біріктіруші күшін пайдалану табиғи құбылыс.
Бұл табиғи құбылыстың күшін пайдалану барысында сенім мен мәдениеттегі айырмашылықтардан туындайтын шиеленіс пен түсініспеушілікті барынша азайтуға немесе мүмкін болса жоюға тырысу өте маңызды. Осы тұста Қазақстан Республикасының үкіметі болсын, жергілікті дін өкілдері болсын дінаралық диалог саласында тәжірибені және діни түсіністік пен мәдениетті оңтайлы пайдалану мүмкіндігіне ие.
Сондай-ақ, Қазақстан аймағында қоныс тепкен конфессиялар мен ұлт өкілдері ұстанымдары мен пікірлеріне қазақ қоғамының оң көзқарасына ие болған. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, түркілердің аз ұлттарға төзімділігі де бүгінгі күннің өлшемі. Қазақ хандығы дәуірінен бастап дін өкілдері мемлекеттің ең жоғарғы деңгейінде қызмет етуі, қазақтардың дінге оң көзқарасы мен сенімінің маңызды орынға ие екенін байқаймыз. Міне осы себептен де қазіргі таңда Қазақ қоғамы Еврей және Христиан дін өкілдерімен достық қарым-қатынаста.
1990-жылдардан кейін де Қазақстанның халықаралық аренада танылуында еврей, христиан және т.б дінін ұстанған Қазақстан азаматтарының рөлі өте маңызды. Бұл маңыздылық тек дінмен ғана емес, экономикалық және саяси факторлардың әлеуметтік, мәдени және білім жөнінде де маңызды рөл атқарды. Шындығында, діни-мәдени мәселелердің уақыт өткен сайын саяси-экономикалық мәнге ие болғанын көреміз.
Мысалға айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезін өткізгелі жатқанын, бұл сеъзге алғаш рет Рим Папасы Франциск қатысуы. Діни қызмет және сенім бостандығының құқықтары тұрғысынан қарастырғанда, қоғамда көптеген түсініспеушіліктер мен келіспеушіліктердің алдын алынады.
Міне осы тұста Қазақстан тарихи, мәдени, географиялық және геостратегиялық себептерге байланысты Шығыс пен Батыс арасындағы көпір рөлін атқаруда. Осындай себептерден де Қазақстан Үкіметі мен қоғамы көптеген салада ынтымақтасатын Еуроодақ елдерінде тұратын қоғамдармен діни диалог құрудың зияннан гөрі пайда әкелетінін біледі.
Қорытындылайтын болсақ, Қазақстан дінаралық диалог саласында ашық қоғамға айналуында үлесі көп. Бұған қазақ қоғамының ортақ құндылықтарына оң үлес қосу идеясын да айтуға болады. Жалпы барлық дәстүрлі діндер, оның ішінде илаһи текті дін өкілдері қазақ қоғамына, адамзаттың ортақ мұрасына көп үлес қосатынына кәміл сенімдіміз.
Исатай БЕРДАЛИЕВ,
PhD Доктор, Нұр-Сұлтан қаласы
Діндерді Зерттеу Орталығының теолог маманы