Ирак армиясы ДАИШ ұялаған Сүлейманийенің Зинане ауылына бірнеше бағыттан операция бастады, деп TRT хабарлайды. 

Ирак армиясы мен Пешмерга күштері Дияла мен Сүлейманийе провинциялары арасындағы аймақтарда террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы бірлескен құрлық операциясын бастады.

Ирак армиясына қарасты 52-ші бригада мен 144-ші Пешмерга бөлімшесі ДАИШ ұялаған Сүлейманийенің Кифри ауданына қарасты Зинане аумағы ауылдық аймағына бірнеше бағыттан операция бастады.

Таңғы уақытта басталған операцияда ұйымға тиесілі көптеген оқ-дәрінің тәркіленіп, кейбір туннельдер табылғаны білдірілді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша ДАИШ-ке қарсы коалицияда орын алған Италияның болса әскери ұшақтарымен құрлықтағы операцияға қолдау берді.

5 ПІКІР

  1. Лаңкестік топтарға қарсы осындай операциялар жасалып жатқаны жақсы жаңалық. Осы арқылы лаңкестердің бейбіт тұрғындарға тигізетін зардабы азаяды деген үміттемін.

  2. Организация ДАИШ является деструктивной. Это на самом деле опасно и пугающе столкнуться с подобным явлением. Берегите себя и своих близких от таких манипуляторов!

  3. Бұл өте қауіпті ұйым екені әлем елдеріне мәлім. Осындай қарсы операциялар ұйымдастырылғаны өте қажет!

  4. будьте осторожны всегда! деструктивные течения тормозят развитие любого государства. затуманивают разум людей. и чаще всего от такого страдают мирное население.

  5. Дер кезінде әрекет жасалып, оқ-дәрілердің тәркіленіп, тунельдердің анықталғаны қуантады. Жазықсыз тұрғынға зардабы тимесе екен.

Пікір жазу