Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандарға 500-ден астам кітап сыйға берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖ мекемелерінде соңғы бірнеше жылда сотталғандар арасында кітап оқу көрсеткішінің қарқынды өсуі байқалады. Егер 2021 жылы тұтқындардың жалпы санының 64%-ы оқуға құштар болса, 2022 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш бірден 22%-ға ұлғайды. Сотталғандардың көпшілігі көркем әдебиетті, детективтерді және психология кітаптарын жақсы көреді.
Отандық және шетелдік классикаға қызығушылық танытқандар аз емес. Мағжан Жұмабаев, Агата Кристи, Борис Акунин және Габриэль Гарсия Маркес сияқты авторларға жоғары қызығушылық байқалуда. Соңғы мәліметтер бойынша, СҚО бойынша ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің кітапханаларында барлығы 30 мыңға жуық кітап бар.