Араб блогері Ахмад Самир YouTube-тағы өз арнасында Рязань және Михайловск метрополиті Маркке Інжілдің Құраннан айырмашылығы туралы жауап берді.

Өткен аптада христиан дін қызметкері Інжілде жұмақтың ер адамдарға да, әйелдерге де дайындалғанын, ал Құранда әйелдер үшін жұмақта орын жоқ, ол туралы жазылмаған деп мәлімдеген болатын.

– Құранда «Әйелдер» деген сүре бар, түсінесіз бе? Бірақ, «Ерлер» деген сүре жоқ. Әңгімені осымен-ақ тәмамдауға болады, – деді мұсылман блогері. – «Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (Құран, 16:97).

Мысырлық блогер осы тақырыпқа қатысты «Фәтих» сүресінің 5-аятын және «Ахзаб» сүресінің 35-аятын да келтірді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Иран Қазақстанмен ынтымақтасуға жоғары қызығушылығын растады

– Сондықтан, Марк, жалған сөйлемеген жөн. Исламды білмейтін болсаң, үндемегенің дұрыс. Адамдарды адасушылыққа салу дұрыс іс емес, – деп сөзін түйіндеді ол.

Пікір жазу