Күндердің күнінде халық алдында даналығымен танылған ғалым кісі көшеде кетіп бара жатып еңсесі түскен, мұңы жүзіне шығып тұрған кісіні жолықтырады. Жанына жақында :
– Мен сізден үш сұрақ сұрайын, жауап беріңіз? – дейді. Әлгі кісі басын изеп, мақұлдайды. Ғалым:
– Мына өмірде Алланың қалауынсыз бір нәрсе бола ма?
– Жоқ.
– Саған о баста белгіленген ризық-несібеңді біреу келіп ала алады ма?
– Жоқ.
– Саған келетін ажалға біреу тосқауыл бола ала ма?
– Жоқ.
– Онда не үшін мұңайып отырсың? АллаТағала әуелден пендесіне сүретін өмір жолын сызып қойған. Оған ешкім де кедергі келтіре алмайды. Еңсені түсіріп, мұңаю арқылы адам өз өмірін өзі ауырлатады. Сондықтан бір Аллаға тәуекел ету арқылы адам бойындағы ауыртпалықты жеңе алады.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы