ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысының, Орал орталық мешітінің бас имамы болып Алибаев Самат Қанатқалиұлы тағайындалды.
Қызметке жаңадан тағайындалған облыс имамын ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы ресми түрде таныстырды.
Ал Батыс Қазақстан облысының бас имамы ретінде екі жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Бақытжан қажы Құралбайұлының иығына құрметпен шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Самат Қанатқалиұлы 2008-2011 жж. Орал медресесін «Исламтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.
2015-2019 жж. Алматы қаласы, «Шет тілдері және іскерлік карьера» университетінде «Дінтану» мамандығын үздік бітірген.
2019-2021 жж. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Педагогика және Психология» мамандығы бойынша магистр ғылыми дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі:
ҚМДБ төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2011 жылдың 30 қырқүйегіндегі 685 бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орал облыстық орталық мешітінің найб имамы ретінде тағайындалды. ҚМДБ-ның БҚО бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі қызметін қоса атқарған.
Орыс, түрік және араб тілдерін жетік меңгерген.
Үйленген, 2 ұлы, 2 қызы бар.
2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Орал орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі