ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте «UMMET CLINIC» медициналық орталығы ашылды.
Медициналық орталықта республикалық, қалалық денсаулық сақтау орындарында жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі медицина мамандары қызмет көрсетпек.
Орталықта көрсетілетін қызмет түрлері:
1) алдын ала жазылу арқылы дәрігерлік кеңес алу: терапевт, уролог, педиатр, хирург, кардиолог, травматолог (ортопед), гинеколог, невропатолог, ине терапевті;
2) сүндетке отырғызу (циркумцизия) (нәрестелер, балалар, ересектер);
3) жараны таңу;
4) хиджаманың барлық түрі;
5) мануальды терапия (массаж);
6) бұлшықетке, көктамырға, тері астына егу (иньекция);
7) артроз кезіндегі кешенді PRP-терапия және т.б.
Айта кетерлігі, баланы сүндетке отырғызу процесі баланың көңілін аулайтын арнайы ойын құрылғысымен (Playstation 4 ойын консолі) жабдықталған төсекте жүзеге асады. Медициналық орталыққа кірер есік Бас мешіттің Хусейн бен Талал көшесі жақ бүйіріндегі Бас мешіт асханасына кіреберіс жанында орналасқан. Орталықтың байланыс нөмірлері: +7 707 777 4303; +7 707 846 4245 (WhatsApp).