Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Баланы ұрып-соғу арқылы тәрбиелеуге бола ма?

18.01.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
133
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бала тәрбиесі – ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мәселе. Дұрыс тәрбие беру баланың өмірден өз орнын табуына тікелей әсер етеді. Ата-ана баласын тәрбиелеймін деп өрескел қателіктер де жіберіп алады. Айталық, баласын ұрып-соғу, жазалау сынды әдістерді қолдануды әдетке айналдырғандар баршылық. Бұған ислам діні қалай қарайтынына, психологтар қандай кеңес беретініне осы материалда ашып айтамыз.

Асыл дінімізде баланы ұруға қатысты айтылған хадис бірен-саран ғана. Соның ішінде ең әйгілісі сахаба Амр ибн Астан риуаят етілген мына хадис бар. Онда пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген:

«Балаларыңа жеті жасында намазды бұйырыңдар. Он жасында егер оқымаса, ұрыңдар. Және осы жаста оларды төсектерінде араларын бөліңдер (яғни бір-бірінен бөлек жатқызыңдар)».

Аталған хадиске байланысты белгілі исламтанушы Абдусамат Қасым:

– Бұл хадистен түсінгеніміз, кейде бала тым еркелікке басып, айтқан ақылға құлақ аспай, жаман қылықтарға бой алдырып жататын кездері болады. Ондай кезде ата-ана баланы тәрбиелеу мақсатында ұруға құқылы екен. Онда да жанына батырып, зақым келтірердей ұру – күнә. Сондай-ақ бірден қол ала жүгіру – әбестік. Алдымен жай сөзбен айтады. Оған құлақ аспаса, қатаң дауыспен ұрсып айтады. Оған да көнбей жатса, жансыз жерінен бопсалап қоюға болады, – дейді дінтанушы.

Ал Ислам ғұламалары аталған хадистегі «ұру» сөзіне былай түсінік берген. Олардың айтуынша, ауыр соққымен емес, жұмсақ ұру керек. Ондағы мақсат – баланы жазалау емес, тәрбиелеу. Алайда қазіргі таңда кейбір ата-аналар балаларын аяусыз соққыға жығып жатады, бұл – ауыр күнә. Баланы қатты жазаламай, дұрыс тәрбиелеуді үйрену керек екендігін ғұлама ғалымдар алға тартады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  балаларын ұрмаған. Бұл жайында жұбайы Айша анамыз:

Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023

– Ол балаларын махаббатпен, даналықпен тәрбиеледі. Балаларына мейірімін төгіп, оларға деген сүйіспеншілігін жасырмайтын. Кезінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хабис әт-Тамими есімді бір кісімен отырғанда немересі Хасанды сүйеді. Сонда қасында отырған кісі: «Менің он балам бар, бірде-біреуін сүйген емеспін» дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған қарайды да: «Кім мейірім көрсетпесе, сол мейірім көрмейді» деген екен», –  деп баяндайды.

Ал отбасылық және балалар психологы Айгүл Амантайқызы бала тәрбиелеу типі бойынша ата-ананың түрлерін бөліп айтып берді.

– Тәрбиелеу типі бойынша ата-ананың екі түрі болады: авторитет ата-ана және авторитарлы ата-ана. Бірінші типтегілер бала тәрбиелеу арқылы ата-ана болудан ләззат алады, өзіне мол сауап жинайды. Нәтижесінде мықты тұлға тәрбиелеп шығарады.

Ал екінші типтегілер ата-ана болудан шаршап жүреді, аманатқа қиянат жасап, жүйкесі тозып, түбінде балаға да, өзіне де қиындық тудыратын қарым-қатынас құрады. Өкініштісі, ата-ананың көбі бала алдында авторитет боламын деп, авторитарлы тәрбиеге қалай өткенін байқамай жатады, – дейді психолог.

Айгүл ханымның айтуынша, авторитарлы ата-ананың бір белгісі – баланы ұрып тәрбиелеу. Бұндай жолмен тәрбиелеу – ата-ананың бала тәрбиелеуде басқа әдістерді білмеуі, қолдана алмауының белгісі дейді.

– Баланы ұрып-соғу – ата-ананың бала тілін таба алмағандығының көрінісі. Балаға қол жұмсау – ата-ананың балаға шектеулер мен тыйымдарды толық жеткізе алмауының, ереже орната алмауының нәтижесі, – дейді психолог.

Өкінішке қарай, көп ата-ана тәрбиелеу жолында қамқорлық қана жеткілікті деп ойлайды. Бұл қате түсінік. Бала ата-анасы арқылы әлемдегі, қоғамдағы өз рөлін анықтайды. Олардың әрбір әрекетінің артында, есейген шақтағы қалыптасатын мінез-құлық қасиеттері жатыр. Ал сол қасиеттер оны мықты адам қылып өсіре ме, әлде өшіре ме – ол ата-ананың тәрбиесіне байланысты болмақ. Сондықтан баланы жазаламастан бұрын дұрыс тәрбие бере алып жүрмін бе деген сауалды өзіңізге жиі қойыңыздар.

Балжан ӘБДІРАШ

 

 

 

Тегтер: бала тәрбиесібаланы ұружазаИслам дініпсихологтәрбие
Бөлісу3Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Валентин күні» ғашықтар мерекесімен байланысы жоқ
Қоғам

«Валентин күні» ғашықтар мерекесімен байланысы жоқ

14.02.2023
Жандәулет Сүлейменов: Жамағатты жікке бөлу – ауыр күнә
Видео

Жандәулет Сүлейменов: Жамағатты жікке бөлу – ауыр күнә

13.02.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шоқыну діни мерекесі күндері астанада құтқарушылар жұмысы күшейтіледі

Шоқыну діни мерекесі күндері астанада құтқарушылар жұмысы күшейтіледі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • 2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    271 рет бөліскен
    Бөлісу 108 Твитерге 68
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    5330 рет бөліскен
    Бөлісу 2132 Твитерге 1333

Соңғы жарияланымдар

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
0
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Толығырақ оқу

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
0
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Толығырақ оқу

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
0
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00