Сұрақ: Балалар түрмеге қамалған әкелерінің нәпақаларын табуға жауапты ма?
Жауап: Нәпақа адамның қарамағындағы жандарының әлеуметтік деңгейіне қарай бір қалыпты өмір сүрулері үшін қажет. Нәпақа дегенде жауаптының қарауға міндетті болған адамдарының киімі, азығы, баспанасы, ем-шараларын түсінуге болады.
Құран Кәрімде нәпақа табу парызы адамның экономикалық жағдайына қарап белгіленетіндігі жеткізілген. Алла Тағала: «Ауқатты адам (қолына қараған әйел, бала-шағасына) ауқатына қарай (мол) нәпақа берсін. Ал ризық-несібесі шектеулі болған Алланың өзіне нәсіп еткен жағдайына қарай нәпақа берсін. Алла ешбір жанға Өзі берген мүмкіндіктен артық жүк артпайды. Алла әр қиындықтың артынан бір жеңілдік нәсіп етеді», – деген [Талақ 65/7].
Нәпақаға лайықты болғандар – мұқтаж болу шартымен адамның усулы мен фурууы (әке-шешесі, ата-әжесі, балалары мен немерелері) және әйелі.
Осыған орай, балалары түрмеге қамауға түскен және қиыншылыққа тап болған әкелеріне қарауға міндетті.
Қылмыскер болса да әкесі ғой, сондықтан әкесіне қарауы парыз деп есептеймін. Осындай дәстүр мен дінді дәріптейтін ақпаратты жиі шығарып тұрыңыздаршы