Сұрақ: Балалар түрмеге қамалған әкелерінің нәпақаларын табуға жауапты ма?

Жауап: Нәпақа адамның қарамағындағы жандарының әлеуметтік деңгейіне қарай бір қалыпты өмір сүрулері үшін қажет. Нәпақа дегенде жауаптының қарауға міндетті болған адамдарының киімі, азығы, баспанасы, ем-шараларын түсінуге болады.

Құран Кәрімде нәпақа табу парызы адамның экономикалық жағдайына қарап белгіленетіндігі жеткізілген. Алла Тағала: «Ауқатты адам (қолына қараған әйел, бала-шағасына) ауқатына қарай (мол) нәпақа берсін. Ал ризық-несібесі шектеулі болған Алланың өзіне нәсіп еткен жағдайына қарай нәпақа берсін. Алла ешбір жанға Өзі берген мүмкіндіктен артық жүк артпайды. Алла әр қиындықтың артынан бір жеңілдік нәсіп етеді», – деген [Талақ 65/7].

Нәпақаға лайықты болғандар – мұқтаж болу шартымен адамның усулы мен фурууы (әке-шешесі, ата-әжесі, балалары мен немерелері) және әйелі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қиямет күні Алланың елшісі (с.ғ.с.) өз үмбетін қалай таниды?

Осыған орай, балалары түрмеге қамауға түскен және қиыншылыққа тап болған әкелеріне қарауға міндетті.

1 Пікір

  1. Қылмыскер болса да әкесі ғой, сондықтан әкесіне қарауы парыз деп есептеймін. Осындай дәстүр мен дінді дәріптейтін ақпаратты жиі шығарып тұрыңыздаршы

Пікір жазу