Сұрақ: Ауыз ашқанда қандай дұға айтылады?
Жауап: Ауыз ашардан алдын мына дұға айтылады:
«Аллаумма ләкә сумту уә бика әәманту уа аләйка тәуәккалту уа алә ризқика әфтәрту уа саумәл ғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлий мәа қоддамту уа мә аххарту».
Мағынасы:
«Уа, Алла! Сенің ризалығын үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен ауызымды аштым. Саған иман келтіріп, Саған тәуекел қылдым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келер күнәларымды кешіре гөр!».
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ