Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Стратегиялық сессия» күндері жалғасын тауып, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Атырау облысының дін істері басқармасының, «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» ҚҚ басшылығымен кезекті онлайн кездесу өткізді.

Іс-шараға 50-ден астам адам, соның ішінде дін өкілдері, теологтар мен дінтанушылар қатысты.

Кездесу барысында оңалту жұмысының тетіктерін жетілдіру, діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы, сондай-ақ осы саладағы түсіндіру-ағарту жұмыстары мәселелері талқыланды.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі бағыттары белгіленді: халық арасында зайырлылық қағидаттарын нығайту, үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету және қоғамда радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу жағдайлары қарастырылды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қызыл шүберекті босағаға не үшін іледі?

Сонымен қатар, оңалту жұмыстарына тартылған өңірлік теологтар, дінтанушылар мен психологтар үшін «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмысын ұйымдастырудың жекелеген аспектілері туралы» тақырыбында семинар өтті. Спикерлер ретінде оңалту жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов және ««Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдері сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс тәжірибесі және әдістерімен алмасты.

Пікір жазу