Сұрақ: Ақыреттегі мұсылмандар да азапталуы мүмкін бе?
Жауап: Жалпы азап (араб. – қинау) – шариғат бойынша адамның істеген күнәсі үшін берілетін жаза. Исламға сәйкес бұл жазаның түрі дүниелік және ақыреттік болмақ. Мысалы, дүниеде шариғат бойынша сот (қази) тарапынан белгіленген жаза үкімі де азап деп аталады.
Әрбір адамның іс-әрекеті, ойы адал мен арамға, жақсы мен жаманға бөлінеді. Кімде-кім ислам тыйым салған амалдарды істесе, не сондай амалдың орындалуына себепші болса, онда ақыретте сол іс-әрекеттеріне орай азапқа тартылады. Ол іс-әрекеттерді иықтағы екі періште жазып, белгілеп отырады.
Ақыреттегі азап орны «тозақ» деп аталып, адамның жасаған күнәсына сәйкес арнайы азап деңгейлеріне бөлінеді.
Мұсылман адам Алланың есібінен құтылып, азаптан аман қалады дегенге кепілдік жоқ. Басқаша айтқанда, мұсылман болсаң болды, азаптан құтыласың деген сөз жоқ. Исламдағы ережелер бірінші кезекте мұсылмандарға қатысты, сондықтан да күнә амалдар барлық уақытта және барлық мұсылмандар үшін күнә болып табылады. Оны жасаған адам істеген амалына сәйкес есебін бермек.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ