Жуырда Ақмола облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.

Құрамында білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар – Л. Шакимова, Б. Мырзаев, А. Тілегенова және М. Қайыргелдиев, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі С. Қизатов сынды мамандар болған топ Целиноград ауданы, Қосшы ауылындағы «Тұрғын үй Академиясы» ЖШС ұжымымен және Қосшы, Талапкер, Қараөткел ауылдарындағы мешіт жамағаттарымен кездесулер, сондай-ақ ЕЦ-166/18 және ЕЦ-166/25, ЕЦ-166/24, СИ-20 мекемелерінің сотталған азаматтармен жалпы профилактикалық жұмыс жүргізді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Елге қайту орындалмайтын армандай көрінген – «Жусанмен» оралған репатриант

Одан басқа да «Степногор тау-кен химия комбинаты» ЖШС және Степногор күкірт-қышқыл зауыты ұжымдарымен және т.б. кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 275-ке жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруі, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасы, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Пікір жазу