Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында ортағасырлық түркі тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курстар ашу тапсырмасына орай Алматы Орталық мешітінде дәрістер өткізілді.
Алғашқы дәріс осы жылдың 16 наурызынан бастап Алматы қаласының ұстаздарына «Ғылым Ордасы» РМК сирек кездесетін кітаптар музейінің ғылыми қызметкері, қолжазбатанушы Асқар Асанұлы «Устаз әууәл», «Ғибадатул исламия», «Сабатул ажизин» кітаптары бойынша дәрістер өтіп, ұстаздар курсты толық аяқтады.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы және Орталық мешіттің бас ұсазы Талғат Дайрабайұлының ұйымдастыруымен курсты аяқтаған дін қызметкерлері қаланың 12 мешітінде және 2 қайырымдылық мекемелерінде «Устаз әууәл» кітабы бойынша сабақтар жүргізіп, «Ортағасырлық түркі тілі – бабалар қазынасы» атты курсымыз жалғасын тапты. Курсқа қала бойынша тіркелген 250 шәкірттің бүгінгі күні 172-сі кітапты аяқтап, Алматы Орталық мешітінде оқуды аяқтағандығы жөнінде сертификатталып, Құран кәрім сыйлығына ие болды.