Сәрсенбі, 10 Тамыз, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алладан қорыққан адамда жеті түрлі белгі болады

03.01.2020
- Ғибратты әңгімелер
0
3.7k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу
«Ғибадатыңды басқалардан артық санама…»

«Ғибадатыңды басқалардан артық санама…»

09.08.2022
Сіз кімнен өнеге аласыз?

Сіз кімнен өнеге аласыз?

03.08.2022

Үлкен фиқыһ ғұламасы Әбу Ләйс Самарқанди әңгімелеуде: «Алладан қорыққан адамда жеті түрлі белгі болады.

Біріншісі – тілге қатысты белгі. Алладан қорыққан адам тілінің қызметі арқылы өтірік, өсек, ғайбат айтпайды, ешкімді шағыстырмайды. Оның орнына Құран оқиды, зікір айтады, іліммен шұғылданады.

Екіншісі – жүрегіне байланысты белгі. Алладан қорыққан адамның жүрегінде басқаларға деген қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, жалақорлық болмайды, өйткені хадисте «От ағашты қалай өртеп жоқ қылса, қызғаныш та адамның жақсылықтарын солай жалмап қояды» делінген. Ол кеселдің емі – ілім мен ізгі амалдар жасауда.

Үшіншісі – көзіндегі белгі. Алладан қорыққан адам харам асқа, харам сусынға, харам киімге, қысқаша айтқанда, харамға көз салмайды. Дүниеге қомағай көзбен емес, ғибрат алу ниетімен ғана қарайды. Адал емес нәрселерден көзін аулақ ұстайды, өйткені хадисте «Кім көзіне харам толтырса, қиямет күні Алла оның көзіне от толтырады» делінген.

Төртіншісі – қарны арқылы болатын белгі. Алладан қорқатын адам харам жемеуге қатты көңіл бөледі, өйткені харам жеу – ауыр күнәлардың бірі. Хадисте бұл туралы «Адам баласының қарнына харам ас барса, сол ас асқазанында тұрған уақыттарда аспан мен жердегі періштелер қайта-қайта лағынет жаудырады. Сол асты қорыту кезінде өліп кетсе, баратын жері тозақ болады», – деп ескертілген.

Бесіншісі – қолының себепкерлігімен туындайтын белгі. Алладан қорқатын адам қолымен харамға бармай, қайта Алланың разылығына сай істер жасауға құмартады. Сахабалардан Кағбул-Ахбардан (р.а.) жеткен хадисте «Ұлы Жаратушы әр бөлігі жетпіс мың көзден тұратын, жетпіс мың бөлмесі бар жақұттан сарай жаратқан. Қиямет күні бұл сарайға Алладан қорыққандықтан өзіне кезіккен харамнан аулақ болғандар кіреді» делінген.

Алтыншысы – аяғында. Алладан қорқатын адам күнә істеуге емес, Алланың әміріне сай істерді істеп, сауап алатын орындарға барады. Ғалымдармен, ізгі амал жасаушылармен жүздесу үшін қадам басатын болады.

Жетіншісі – амалында. Алладан қорқатын адам амалдарын тек қана Алланың разылығы үшін жасайды. Басқалар көрсін деп істеуден, екіжүзділіктен бойын аулақ ұстайды. Осының арқасында «Раббыңның қасындағы ақырет (мекені) күнәлардан қорқатындар үшін» деген Рабб кәламына лайық деңгейге жетеді [«Зухруф» сүресі, 35-аят].

Қайнар көзі: islam-atyrau.kz
Тегтер: адамАллақорқыныш
Бөлісу88Твитерге55Бөлісу11Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Аяқ киімдегі “ALLA” сөзі нені білдіреді?
Жаңалықтар

Аяқ киімдегі “ALLA” сөзі нені білдіреді?

07.06.2022
Сауалнама

Сіз Жаратушыны көбінесе қай есімімен атайсыз?

14.12.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Б.БЕЙСЕНОВ: Дінге құштар жастарды ең алдымен ұлттық рухани құндылықтар мен зайырлы мемлекеттік негізде тәрбиелеу керек

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2707 рет бөліскен
    Бөлісу 1083 Твитерге 677
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1620 рет бөліскен
    Бөлісу 648 Твитерге 405

Соңғы жарияланымдар

Дін саласының мамандарына арналған семинар өтті

10.08.2022
0
Дін саласының мамандарына арналған семинар өтті

Толығырақ оқу

“Зекет” қоры 2 отбасыға баспана берді

09.08.2022
0
“Зекет” қоры 2 отбасыға баспана берді

Толығырақ оқу

Дін көшбасшылары съезі қарсаңында қауіпсіздік күшейтіледі

09.08.2022
0
Дін көшбасшылары съезі қарсаңында қауіпсіздік күшейтіледі

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00