Ғубада ибн Әс-Сомит (родиял-лаһу ғанһу) айтады:
«Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Жер бетiнде бiр мұсылман күнә істеуді немесе туысқаннан безуді тілемесе, басқа кез келген дұғасын Алла Тағала қабыл етедi немесе сол дәрежедегі жамандықтарды қайтарады», – деп айтқанда, жамағаттан бiр адам: «Ондай болса бiз Алла Тағаладан тiлеуiмiздi көбейтейiк», – дедi.
Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оның бұл сөзiне: «Алла Тағаланың берерi сендердiң тiлегендерiңнен көп», – деп жауап бердi».
Хадистi Ғубада ибн Әс-Сомиттен (родиял-лаһу ғанһу) Имам Тирмизи риуаят еттi.