Алла Тағаланың жарылқауы

«Өйткені Мен, кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілік істеп, тура жолда болса, әлбетте жарылқаймын» (20:82).

Кімде-кім шынайы тәуба етсе, жарылқау тілесе, Оған сенсе, жақсылық жасап, сонысына тұрақты болса, Алла Тағаланың Жарылқауы соларға болады.

Мәселе бұл дүниелік жетістіктерге қатысты болғанда, адам әрқашан дұрыс бағытта аз күш жұмсамайды, ал содан кейін нәтижелерін күтеді. Осылайша, фермер алдымен жерді жыртып, оған дән себеді, суарады, ал сосын өнімнің өніп шығуын күтеді. Фермер жай ғана дәндерді құрғақ жерге шаша салып, іргелікке отырып алып, мол өнімді күткенін елестетудің өзі қиын. Мұндай жағдайда ол ештеме де алмайды. Діни істерде де дұрыс бағытта қолайлы күш жұмсау қажет. Шынайы тәуба, кешірім сұрап жалбарыну және жақсы амалдар – міне, осыдан соң біз Алла Тағаланың Жарылқауы мен Мейірімін күтеміз.

Әзәзілдің айла-әрекеттері толассыз әрі іс жүзінде қыруар. Солардың бірі Алла Тағала – Жарылқаушы және Мейірімді деген ойға сендіру арқылы күнәға итермелеуі болып табылады. Бұл әдеттегідей, адамның ислам қағидаларының бұзылуына селсоқ қарай бастауына әкеліп соғады және әдейі әрі сенімді түрде Алла Тағалаға бойсұнудан қалады. Ал Алла Тағала қасиетті Құранда былай ескертеді:

 «…Сондай-ақ өте алдаушы ол, (шайтан да) Алла турасында алдамасын» (31:33).

 Ібіліс сізді адастырып жіберуге, сөйтіп сіз күнәлар жасауды бастауға, ал Алла Тағала оларды кешіріп, рақымшылық танытады деп санауға жол бергізбеңіз. Алла Тағала шындығында Жарылқаушы әрі Мейірімді, бірақ Ол – сондай-ақ, Азаптаушы да (әл-Мунтакым). Өзінің жақсылығымен, Ол біздің түзелуімізге және қайтадан бас июші болуымызға орасан зор мүмкіндіктер береді.  Бірақ егер біз қасарып күнә жасауды жалғастыра берсек, онда Оның Азабынан біз қашып құтыла алмаймыз. Тіпті жауыз ниетімен, барлық шындық, өтірігімен бізді Алла Тағалаға бойсұнбау торына түсіретін Әзәзілдің өзі былай айтқан: «Алладан қорқамын. Алла қатты азап иесі» (8:48). Бұл бізге Алла – Жарылқаушы, Мейірімді деп сыбырлайтын жаратылыстың сөздері. Ойлануға түрткі болып табылар жақсы аят.

Ұқсас мақалалар

Келесі жазба

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

-
00:00
00:00
Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00