Діни кітаптарда пайғамбарлардың түрлі құрт-құмырсқалар және жануарлармен тілдескені туралы ғибратты оқиғалар көп кездеседі. Осындай деректердің бірі Дәуіт (ғ.с.) пайғамбар мен құрттың арасындағы ғибратты әңгіме.
Күндердің күнінде темір өңдеудің хас шебері болған Дәуіт пайғамбар Алланың бірлігін, ұлылығын дәріптейтін Забурды оқып отырған кезінде топырақ үстінде жыбырлаған бір қызыл түсті құртты көріп қалып, өз-өзіне іштей: «Алла Тағала мұндай құртты не үшін жаратты екен?» – деп ойлайды. Сол мезетте Алла Тағала әлгі құртқа тіл бітіріп, ол Дауіт пайғамбарға:
– Ей, Алланың пайғамбары! Мен күн сайын мың мәрте: Алла пәк, Аллаға мақтау болсын және Алладан басқа құдай жоқ. Алла ұлық! – деп зікір айтамын. Ал түн мезгілінде: Ей, Алла! Оқу-жазуды білмеген Мұхаммедке және оның әулеті мен достарына салауат болсын! – деп мың рет салауат айтамын. Ал сенің айтатын зікірің бар ма? – деп өзінен сұрайды. Құттың айтқанына аң-таң қалған Дәуіт пайғамбар қателескені үшін қатты өкініп, Аллаға сәжде қылып, жарылқау тілеген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
kazislam.kz