– Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?
– Құрбан айт барлық мұсылмандарға құтты болсын! Негізі тазалық іс-шаралары айт мейрамдарынан алдын жасалғаны абзал. «Тазалық – иманның жартысы…» деген хадис шариғатымызда тазалықтың қаншалықты маңызды екенін білдіреді.
Алайда, бұл жерде қатып қалған қағида жоқ, егерде тазалықтың ыңғайы сол Айт күндеріне сай келіп тұрған кісі кір жуса, күнәһар болмайды.
Ал, халық арасындағы «Айт күндері кір жууға болмайды» деген тыйым болса, ол шариғат тыйған амалдарға жатпайды. Оны, мейрам күндеріне, осы күндері келетін қонақтарға құрмет көрсету үшін айтылған халық педагогикасының кеңесі ретінде қабылдаған жөн.