Ахун сөзі – қазақ тіліне парсы тілінен енген кірме сөз. Қазақ тілінің он бес томдық әдеби сөздігінде “ахун” сөзінің қазақ тіліндегі екі түрлі мағынасын берген.
1. Діни сауаты бар адам, мұсылмандық діни лауазым, муфтиден кеінгі атақ.
“Даруға сайын бір-бір ахун ғана қалдырылып, оларға ел арасында Мұхамет дінін таратуға, жаға мешіт, медресе салуға рұқсат етілмейді” (Ә.Кекілбаев, Шығ.)
“Указной молланың хилаф ісін, Әлбетте, оязной ахун тексерсін” (М.Дулатов, Шығ. )
“Қазақтын өзіне арнап жеке мүфтилік бере қалса, мүфти, қазы, имам боларлық модалар табылар ма?” (А. Байтұрсынұлы, Жаңа низам)
2. Үлкен ғалым, зиялы адам. Әбдірахман ахун үлкен медреседе дәріс берген адам еді (Б.Өтебеков, Ауғ.қазақ тілі. ерекшілік)
“Бұл келген кісі үлкен ахун болып шықты”
“Ал енді сол ахун деген кім? Қысқа ғана айтатын болсақ адамдардан қол алып “ихзам” әр саланың ғалымы, ағартушысы атанып, елді рухани дамытып, сауат беріп, һақ дініміздің қайнар көзіне айналаған жан” (С. Алдашев, www.abai.kz)
Қазақ тіліндегі “ахун” сөзіне жасалған анықтамалардан және сол сөздің мәтіндердегі қолданысынан “ахун” деген шариғат занынан хабары мол, дәріс беріп, елдің діни мәселелерін шешуге атсалысатын ғалымға қолданылатын термин екендігін түсінеміз.
Р.С. Мухидиновтың монографиясынан